Ст. 18-5 Сауда қызметiн реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544
Сауда қызметiн реттеу туралы
18-5-бап. Сараптама ұйымы және тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар
1. Сараптама ұйымы экспортқа және кері экспортқа тауардың шығу тегі туралы сараптамалардың актілерін қоспағанда, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар жасаған, тауардың шығу тегі, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау туралы сараптама актілерін куәландырады және береді. 2. Тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар уәкілетті органда аттестаттаудан өтеді және олар өз қызметін бір сараптама ұйымының құрамында жүзеге асырады.
3. Тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар өтінімде және өтінім беруші ұсынған құжаттарда қамтылған мәліметтерде жалған және (немесе) анық емес фактілер анықталған кезде тауардың шығу тегі туралы сараптама актілерін жасаудан, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындаудан бас тартуға міндетті.
4. Тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар мен сараптама ұйымдары тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Ескерту. 18-5-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық санкцияларға қатысуы
Ескерту. 19-бап алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
20-бап. Айрықша құқық
Ескерту. 20-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жекелеген тауар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық лицензиялау негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық берiлген тауарлар тiзбесiн, сондай-ақ айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесін тиiстi орталық мемлекеттiк органдардың ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
3. Алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Айрықша лицензияны беруді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей