Ст. 7-4 Сауда қызметiн реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544
Сауда қызметiн реттеу туралы
7-4-бап. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы
1. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторының құзыретіне: 1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесін әзірлеу, ендіру, әкімшілендіру, қолдап отыру және пайдаланушылық қолдау;
2) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) сәйкестендіру құралдарын шығару және оларды есепке алу;
4) материалдық жеткізгішке сәйкестендіру құралдарын басып беру жөнінде қызметтер көрсету;
5) Ұлттық тауарлар каталогын әзірлеу, жүргізу және жаңалау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар жатады.
2. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторының тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы процестерін қамтамасыз ететін ресурстары, оның ішінде:
1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ деректердің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ететін деректерді өңдеу орталығы (орталықтары), деректерді беру желілері;
2) материалдық жеткізгішке сәйкестендіру құралдарын басып беру жөніндегі қызметтерді көрсету үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында аудандардың әкімшілік орталықтары деңгейіне дейін филиалдары, өкілдіктері және (немесе) өзге де құрылымдық бөлімшелері;
3) өз инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету үшін білікті персоналы;
4) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы процестерін іске асыру бойынша ақпараттық жүйесі;
5) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесін пайдаланушыларға қызмет көрсету үшін байланыс-орталығы;
6) тауар өндірушілерге – Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалдау (жалға алу), лизинг және басқа да қаржы құралдары шарттарымен берілетін материалдық жеткізгішке сәйкестендіру құралдарын басуға арналған жабдығы болуға тиіс.
Ескерту. 2-тарау 7-4-баппен толықтырылды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы


Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей