< Өзін-өзі реттеу туралы

Ст. 1 Өзін-өзі реттеу туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Өзін-өзі реттеу туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Өзін-өзі реттейтін ұйымның:

1) өз мүшелерінің (қатысушыларының) құқықтары мен мүдделерін, олар өтініш білдірген жағдайда білдіруге және қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынастарда олардың өкілдері болуға;

2) өзін-өзі реттеу субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін қабылданған нормативтік-құқықтық актілер бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;

4) дауларды сотта және сотқа дейінгі шешуге, оның ішінде төрелiкке қатысуға;

5) мүшелік жарналарды жинауға және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздерден өзін-өзі реттейтін ұйымның мүлкін қалыптастыруға;

6) өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметкерлерін, мүшелерін (қатысушыларын) кәсіптік оқытуды, аттестаттау жүргізуді ұйымдастыруға;

7) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерін (қатысушыларын) олардың өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарының талаптарын, өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше болу (қатысу) шарттарын сақтауы бөлігінде бақылауға;

9) Қазақстан Республикасының заңдарында және өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында көзделген ықпал ету шараларын өз мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты қолдануға;

10) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасын бұзған адамдарды жауаптылыққа тарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;

11) өз жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;

12) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдарынан және жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан өзіне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген функцияларды орындауы үшін қажетті ақпаратты алуға;

Ескертпе. 13) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
13) өзін-өзі реттеу субъектілерінің қызметін реттейтін заң жобаларының тұжырымдамаларын, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылауға қатысуға;

14) өзін-өзі реттеу нысанына қатысты мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстарды реттеуші мемлекеттік органдардың қарауына енгізуге құқығы бар.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақты екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Өзін-өзі реттейтін ұйымның Қазақстан Республикасының заңдарында және өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында белгіленген өзге де құқықтары бар.

Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 ...32
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться