Ст. 3 Өзін-өзі реттеу туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ
Өзін-өзі реттеу туралы
3-бап. Өзін-өзі реттеу түрлері және оны енгізу
1. Өзін-өзі реттеу ерікті немесе міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделеді. 2. Ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет салаларындағы мемлекеттік реттеумен қатар өзін-өзі реттеу субъектілеріне және олардың қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардан жоғары талаптар белгілене отырып қолданылады.
3. Кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласындағы міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу осы Заңда айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының заңдары негізінде мемлекеттік функцияларды іске асырумен не мемлекеттік органдар орындайтын белгілі бір функцияларды беру қажеттігімен ұштасатын қызмет салаларына енгізіледі.
Кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласына міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілген жағдайда, ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген, қоғамдық бірлестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған өзін-өзі реттейтін ұйым үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге ұйымдық-құқықтық нысан белгіленеді.
4. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу үшін реттеуші мемлекеттік орган және мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өздері әзірлейтін құжаттардың жобаларына қатысты реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
Белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу немесе нақты айқындалған проблемаларды шешу үшін реттеудің баламалы тәсілдерін бағалау арқылы міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді пайдалану бөлігінде мемлекеттік саясаттың пәрменділігі мен тиімділігін арттыру реттеушілік әсерді талдаудың мақсаты болып табылады.
Реттеушілік әсерді талдау міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін жүргізіледі.
Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері бойынша міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді қолдану тиімділігіне қарай оның енгізілуі, күші жойылуы немесе өзгеше тәсілмен қайта қаралуы мүмкін.
4-1. Кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласындағы міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу бұл салада Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан басқа, ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдар және (немесе) кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет субъектілері міндетті түрде мүшесі болатын өзге де коммерциялық емес ұйымдар жұмыс істеген жағдайда ғана енгізіледі.
5. Өзін-өзі реттейтін ұйымдарды ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету саласында құруға болмайды.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей