< Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы

Ст. 35 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы


Утратил силу

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
35-бап. Селолық тұтыну кооперативi пайшыларының жалпы жиналысын (уәкiлдер жиналысын) өткiзу тәртiбi

1. Селолық тұтыну кооперативi пайшыларының жалпы жиналысының (уәкілдер жиналысының) регламентi осы Заңға, кооперативтің жарғысына, кооперативтiң iшкi қызметiн реттейтiн ережелерге және өзге құжаттарға сәйкес белгiленедi. 

2. Жалпы жиналыс (уәкiлдер жиналысы) ашылар алдында селолық тұтыну кооперативiнiң келген пайшыларын (уәкiлдерiн) және олардың өкiлдерiн тiркеу жүргiзiледi. Пайшылар өздерiнiң кооперативке мүшелiгiн растайтын құжаттар негiзiнде тiркеледi. Уәкiлдер, пайшылардың өкiлдерi өздерiнiң өкiлеттiгiн растайтын тиiстi құжаттарын көрсетуге тиiс. Тiркелмеген пайшы (уәкiл, пайшының өкiлi) кворумды анықтау кезiнде есепке алынбайды және дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ. 

3. Жалпы жиналыс (уәкiлдер жиналысы) келген пайшыларды (уәкілдердi) және олардың өкiлдерiн тiркеудiң деректерi қажеттi кворум бар деп санауға жеткiлiктi негiз болған жағдайда ғана хабарланған уақытында ашылады. 

Барлық пайшылар (уәкiлдер) және олардың өкiлдерi тiркеуден өтiп, хабардар етiлген және жиналыстың ашылу уақытын өзгертуге қарсылық бiлдiрмеген жағдайды қоспағанда, жиналысты бұрын хабарланған уақыттан ертерек ашуға болмайды. 

4. Егер селолық тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысына (уәкiлдер жиналысына) қатысушы пайшылар (уәкiлдер) және олардың өкiлдерi селолық тұтыну кооперативi мүшелерiнiң жартысынан астамынан өкiл болса, ол заңды деп танылады. Күн тәртiбiне енгiзiлген мәселе бойынша шешiм бiлiктi көпшiлiк дауыспен қабылдануға тиiс болған жағдайда, егер жиналысқа қатысушы пайшылар (уәкiлдер) және олардың өкiлдерi селолық тұтыну кооперативi мүшелерiнiң үштен екiсiнен өкiл болса, ол шешiм қабылдауға құқылы. 

5. Кворум болмаған жағдайда селолық тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысын (уәкiлдер жиналысын) бастапқы жалпы жиналыстың өтетiн күнi белгiленгеннен кейiнгi күннен ерте қайталап өткiзуге болмайды. 

Қайталап шақырылған жиналыс селолық тұтыну кооперативi пайшыларының (уәкiлдерiнiң) немесе олардың өкiлдерiнiң жалпы санының үштен бiрi болғанда заңды болып табылады. Егер қатысушы пайшылар (уәкiлдер) және олардың өкiлдерi селолық тұтыну Кооперативi мүшелерiнiң жартысынан кемiнiң өкiлi болса, мұндай жиналыс бiлiктi көпшiлік дауысты талап етпейтін мәселелер бойынша ғана шешім қабылдауға құқылы. 

6. Селолық тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысын (уәкiлдер жиналысын) атқарушы органның басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы ашады. Кооперативтiң тексеру комиссиясы (ревизоры) немесе пайшылары (уәкiлдерi) шақырған жиналысты тиiсiнше тексеру Комиссиясының төрағасы (ревизор) немесе олардың мiндетiн атқаратын адамдар не жиналысты шақырған кооператив пайшыларының (уәкiлдерiнiң) бірі ашады.

Тарату комиссиясы (таратушы) шақырған жиналысты (уәкiлдер жиналысын) тарату комиссиясының төрағасы (таратушы) немесе оның орнындағы адам ашады. 

7. Жалпы жиналысты (уәкiлдер жиналысын) ашушы адам жалпы жиналыста (уәкiлдер жиналысында) төрағалық етушіні және оның хатшысын сайлауды жүргiзедi, шешiм қатысушылар санының жай көпшілік дауысымен қабылданады. 

8. Жалпы жиналыстың (уәкiлдер жиналысының) хатшысы жалпы жиналыстың (уәкiлдер жиналысының) хаттамасын жүргiзуге жауап бередi.

Хаттамаға жалпы жиналыста (уәкiлдер жиналысында) төрағалық етушi мен оның хатшысы қол қояды. 

Барлық жалпы жиналыстардың (уәкілдер жиналыстарының) хаттамалары хаттамалар кiтабына тiркеледi, ол кооперативтiң атқарушы органында сақталуға тиiс және селолық тұтыну кооперативiнiң кез келген пайшысына танысу үшiн кез келген уақытта берiледi. Кооператив пайшыларының талап етуi бойынша оларға хаттамалар кiтабынан куәландырылған көшiрмелер берiледi. 

9. Күн тәртiбiне енгiзiлген мәселелердi талқылау басталғанға дейiн жалпы жиналыс (уәкiлдер жиналысы) кворумды анықтап алуға мiндеттi. Бұл талапты орындамау жалпы жиналыста (уәкiлдер жиналысында) кворумның бар екендiгiн анықтағанға дейiн қабылданған барлық шешiмдердiң жарамсыз болуына әкеп соғады. 

Осы Заңның 31-бабының 2-тармағының 1), 6), 10), 12), 14) тармақшаларында аталған мәселелер бойынша дауыс беру кезiнде, сондай-ақ кооперативтiң жарғысында немесе оның iшкi қызметiн реттейтiн ережелер мен өзге де құжаттарда көзделген өзге жағдайларда кворумды тiкелей дауыс берiлер алдында тағы да белгiлеп алу қажет.

Статья 1 ...33 34 35 36 37 ...73
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться