< Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы

Ст. 45 Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 242-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы
45-бап. Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функциялары

Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларына: 

1) индустриялық аймақтардың жұмыс істеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу;  

2) индустриялық аймақтың қатысушыларына жер учаскелерін беру және инфрақұрылым объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) немесе қосымша жалдауға (қосалқы жалға) беру;  

3) қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды жасасу және бұзу;  

4) индустриялық аймақтар қатысушыларының тоқсан сайынғы есептері негізінде, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті органға және бірыңғай үйлестіру орталығына индустриялық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы есептілікті ұсыну; 

5) индустриялық аймақтың әлеуетті қатысушыларын тарту; 

6) инфрақұрылым объектілерін салу және индустриялық аймақтардың өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту; 

7) индустриялық аймақтың қатысушыларына берілмеген жер учаскелерінде бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асыру; 

8) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының "бір терезе" қағидаты бойынша және индустриялық аймақтардың қатысушылары үшін көрсетілетін қызметтер ұсынатын өзге де ұйымдардың жұмыс істеуі үшін қабылдау орындарын ұйымдастыру; 

9) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуын мониторингтеу;  

10) индустриялық аймақта жаңа өндірістерді құру бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізу; 

11) индустриялық аймақтарды дамыту және ілгерілету жөніндегі іс-шараларды өткізу; 

12) индустриялық аймақтардың әлеуетті қатысушыларын, өтініш берушілерді, индустриялық аймақтардың қатысушыларын ақпараттық қолдап отыруды қамтамасыз ету, оның ішінде индустриялық аймақтардың әлеуетті қатысушыларының, өтініш берушілердің, индустриялық аймақтар қатысушыларының мемлекеттік органдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру; 

13) индустриялық аймақта өнеркәсіптік-инновациялық және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тарту; 

14) индустриялық аймақтардың әлеуетті қатысушыларымен, өтініш берушілермен, индустриялық аймақтардың қатысушыларымен "бір терезе" қағидаты бойынша өзара іс-қимыл жасасу және жұмыс жүргізу; 

15) коммуналдық, логистикалық және сервистік көрсетілетін қызметтерді ұсыну; 

16) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысу; 

17) бизнес-жоспарларды, техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы және өзге де жобалау құжаттамасын әзірлеу бойынша қызметтер көрсету; 

18) индустриялық аймақтың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру және индустриялық аймақтың қатысушыларына осындай көрсетілетін қызметтерді ұсыну; 

19) индустриялық аймақтың аумағын абаттандыру және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру; 

20) индустриялық аймақтың қатысушыларына консалтингтік және маркетингтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну; 

21) индустриялық аймақтың аумағында тұрғызылатын инфрақұрылым және кәсіпкерлік қызмет объектілері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында техникалық қадағалауды жүзеге асыру және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну; 

22) "бір терезе" қағидатын іске асыру шеңберінде, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алған кезде мемлекеттік органдармен және өзге көрсетілетін қызметтерді алған кезде өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу кезінде индустриялық аймақтар қатысушыларының мүдделерін білдіру; 

22-1) тиісті аккредиттеу негізінде ерекше индустриялық аймақтың аумағында құрылыс салуға арналған объектілердің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыру; 

22-2) ерекше индустриялық аймақтың аумағында барлық жобалардың іске асырылуын оның кез келген сатысында мониторингтеу; 

22-3) басқарушы компания бекіткен және қатысушылардың сақтауы міндетті ерекше индустриялық аймақтың қызметін жүзеге асыру және жұмыс істеу қағидалары мен тәртібі бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде ерекше индустриялық аймақтың қатысушыларына қатысты тиісті шаралар қабылдау; 

23) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де функциялар жатады. 

Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...43 44 45 46 47 ...59
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться