< Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы

Ст. 58 Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 242-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы
58-бап. Өтпелі ережелер

1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған арнайы экономикалық аймақтар Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім қабылдағанға дейін өз мәртебесін сақтайды.  

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру талабы 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай қызмет түрлері: 

1) дерекқорлар мен аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, ендіру және өндіру, бағдарламалық қамтылымды (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, ендіру және өндіру; 

2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдықты (дата- орталықтардың көрсетілетін қызметтерін) пайдалана отырып, электрондық нысандағы ақпаратты сақтау және өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер; 

3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды жасау және ендіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін міндетті шарт болып табылмайды. 

2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша құрылған индустриялық аймақтар өз мәртебесін сақтайды. Бұл ретте мұндай индустриялық аймақты құру туралы шешім шығарған жергілікті атқарушы орган осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін отыз жұмыс күні ішінде осы Заңның 27-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген өлшемшарттар негізінде индустриялық аймақтың түрін айқындау туралы шешім шығаруға міндетті. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тәртіппен индустриялық аймақтың түрін айқындау туралы шешім шығарылғаннан кейін индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын іс жүзінде орындап жүрген заңды тұлғалар республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы мәртебесін алады. 

Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлғалармен шарттар негізінде мұндай индустриялық аймақтардың аумағында кәсіпкерлік қызмет объектілерін орналастыруды және пайдалануды жүзеге асырып жүрген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушылары мәртебесін алады. 

3. Индустриялық аймақтардың осы баптың 2-тармағында көрсетілген басқарушы компаниялары мен қатысушылары арасында жасалған, индустриялық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру талаптарын, тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін көздейтін шарттар қызметті жүзеге асыру туралы шарттар мәртебесін алады және оларда көзделген мерзім өткенге дейін өз қолданысын сақтайды. Қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды одан әрі жасасу осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 

4. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ құрылғанға дейін "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы" акционерлік қоғамымен осындай арнайы экономикалық аймақ үшін көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға шарт жасасқан тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары болып танылады.  

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен кейін алты ай ішінде өз қызметін шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына қойылатын Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келтіруге тиіс. 

5. Арнайы экономикалық аймақтардың осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасасқан қатысушылары өз мәртебесін сақтайды және қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін арнайы экономикалық аймақты құру туралы тиісті актіде айқындалған осы аймақтың жұмыс істеу мерзімінен асырмай арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асырады. 

6. Осы Заңның 51-бабы екінші бөлігінің ережелері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. 

Ескерту. 58-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...56 57 58 59
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться