< Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы

Ст. 73 Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы
73-бап. Қызметкерлерді әлеуметтік қорғау

1. Қызметкерлерге (жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағындағы қызметтік тұрғынжайда тұратын қызметкерлерден, сондай-ақ курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мөлшерде, арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен төленеді. 

2. Қызметкерлерді зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру, жәрдемақылардың өзге де түрлерін төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

Қызметкерлерге бюджеттік қаражат есебінен зейнетақы тағайындауды, қызметкерлер қатарынан қайтыс болған зейнетақы алушылардың отбасына жерлеу үшін біржолғы төлемдер мен біржолғы жәрдемақылар беруді қызметкерлер жұмыстан шыққан күнге қызмет өткерген тиісті арнаулы мемлекеттік органдардың уәкілетті бөлімшелері жүзеге асырады. 

Зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесі тиісті арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілеген нысан бойынша зейнетақы куәлігімен расталады. 

3. Қызметкерлер қызметті өткеру ерекшеліктері ескеріле отырып жəне арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тəртіппен, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітетін нормалар бойынша мемлекет есебінен арнаулы киім нысанымен жəне басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі. 

Қызметкерлерге (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) алынбай қалған заттай мүліктердің орнына арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен ақшалай өтемақы төленеді. 

4. Қызметкерлердің жекелеген санаттары қызмет өткеру ерекшеліктері ескеріле отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен азық-түлік үлесінің нормалары бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі. 

Қызметкерлердің жекелеген санаттарын тамақпен қамтамасыз ету тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды. 

Азық-түлік үлесінің белгіленген нормалары бойынша тамақпен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде қызметкерлердің жекелеген санаттарына арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тəртіппен ақшалай өтемақы төленеді. 

5. Қызметкерлердің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) Қазақстан Республикасы аумағы бойынша көлікте жүргені үшін: 

медициналық көрсетулер бойынша стационарда емделуге жол жүру және кері қайту; 

Үкімет белгілеген тәртіппен берілген жолдама негізінде медициналық тексеруге (куәландыруға) жол жүру және кері қайту; 

қызмет бойынша ауыстыру; 

осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, қызметтен шығарылу кезінде жолақы шығындарын өтетуге құқығы бар. 

Шығындарды өтеу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша жүргізіледі. Шығындарды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 

6. Бір елді мекеннен қашықтығы бір жүз километрден астам жердегі екіншісіне көшумен байланысты қызметін ауыстырған кезде қызметкерлерге (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) қызметкердің өзіне екі айлық ақшалай қаражат көлемінде және онымен бірге көшкен отбасының әрбір мүшесіне жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерінде арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілейтін көтерме жәрдемақы төленеді. 

Осы тармақта қызметкерлердің отбасы мүшелері деп: 

1) жұбайы (зайыбы); 

2) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған баланы (балаларды) қоспағанда, баласы (балалары), оның ішінде ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласы (балалары); 

3) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) қоспағанда, жасына қарамастан, ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүгедектігі бар баласы (мүгедектігі бар балалары), оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адам (мүгедектігі бар адамдар) түсініледі. 

Бұл ретте, егер ерлі-зайыптылардың екеуі де қызметкерлер немесе олардың біреуі әскери қызметші болып табылса, онда әрбір отбасы мүшесіне бір айлық ақшалай қаражатының жартысы мөлшеріндегі отбасы мүшелеріне көтерме жәрдемақы арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен олардың біреуіне ғана төленеді. 

7. Осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, қызметкерлердің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) қызмет бабымен ауысқан және қызметтен шығарылған кезде жеке мүлкін тасымалдау шығындарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен автомобиль жолының әрбір жиырма километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтетуге құқығы бар. 

Ескерту. 73-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...71 72 73 74 75 ...86
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться