< Сақтандыру қызметi туралы

Ст. 5-1 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2025

Сақтандыру қызметi туралы
5-1-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының және "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыруы

Ескерту. 5-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктік мүдделерін және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыруды Қазақстан Республикасының резидент-сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы ғана жүзеге асыра алады. 

2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарымен және "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен мынадай жағдайларда: 

1) жұмыс істеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде уақытша болатын Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына осы тұлғалардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде уақытша болу кезеңіне ғана;  

2) Қазақстан Республикасының резиденттеріне теңіз көлігі (каботаж қызметтерін ұсынатын кемелерді қоспағанда), коммерциялық авиация көрсететін қызметтерге, ғарыштық ұшуларды (спутниктерді қоса алғанда) іске қосуды және оның фрахтасы көрсететін қызметтерге және олармен байланысты көрсетілетін қызметтерге (тауарларды тасымалдау, тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарының өздерін сақтандыру және осыдан туындайтын кез келген жауапкершілік) байланысты тәуекелдер, апаттық тәуекелдер, климаттық тәуекелдер, кибер тәуекелдер, терроризм тәуекелдері, азаматтық тәртіпсіздіктер және ереуілдер бөлігінде;  

3) Қазақстан Республикасының резиденттеріне исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес тәуекелдерді сақтандыру бөлігінде; 

4) Қазақстан Республикасының резиденттеріне осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 15), 17) және 18) тармақшаларында көзделген, ерікті нысанда сақтандыру сыныптары шеңберінде өтелетін тәуекелдер бөлігінде сақтандыру шарттарын жасасуға және оларды орындауға жол беріледі. 

Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес тәуекелдерді сақтандыруына сақтандыру объектісі Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде болған кезде ғана жол беріледі. 

3. Қазақстан Республикасы банктерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент-жеке және заңды тұлғаларынан Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің және "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушылардың пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге байланысты төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыруына тыйым салынады. 

4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарымен шарттар жасасқан жағдайларға қолданылмайды. 

Ескерту. 5-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (16.12.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Статья 1 ...4 5 5‑1 6 7 ...92
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда




Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка



Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены



Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться