< Сақтандыру қызметi туралы

Ст. 53-5 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Сақтандыру қызметi туралы
53-5-бап. Санкциялар

1. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, мынадай санкцияларды қолдануға құқылы: 

1) осы Заңның 54 және 59-баптарында белгiленген негiздер бойынша лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру; 

2) осы Заңның 55 және 60-баптарында көзделген негіздер бойынша лицензиясынан айыру; 

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген бір немесе бірнеше пруденциялық нормативті және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан көп) бұзған және сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қолданбаған жағдайда "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін мәжбүрлеп беру туралы шешім қабылдау. 

1-1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, мынадай санкцияларды қолдануға құқылы: 

1) осы Заңның 54-бабының 1-2-тармағында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданысын тоқтата тұру; 

2) осы Заңның 55-бабының 1-2-тармағында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыру. 

2. Санкцияларды қолданудың орындылығын айқындау және лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру түрінде санкцияларды таңдау кезінде мыналар ескеріледі: 

1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының сипаты; 

2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының ауқымы мен маңыздылығы; 

3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы; 

4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жағдайға әсері; 

5) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің туындауына негіз болған себептер; 

6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийдің қызметте анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға бағытталған дербес шараларды қабылдауы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лицензияны ерікті түрде қайтару (ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату) туралы шешім қабылдауы. 

Ескерту. Заң 53-5-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...53‑3 53‑4 53‑5 54 54‑1 ...92
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться