Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 54 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Сақтандыру қызметi туралы
54-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру

1. Мынадай негiздердiң бiрi бойынша:  

1) уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шараларының талаптарын орындамаған; 

1-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында өзге сақтандыру холдингі немесе ірі қатысушы-жеке тұлға болмаған кезде сақтандыру холдингі, ірі қатысушы-жеке тұлға мәртебесі кері қайтарып алынған; 

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтамаған;  

2-1) сақтандыру сыйлықақысының негізделмеген мөлшерін қолданудан, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан негізсіз бас тартудан, сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмаудан, сақтандырудың міндетті түрлерін жүргізудің талаптары мен тәртібінен туындайтын міндеттерді орындамаудан немесе тиісінше орындамаудан көрінетін сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін бұзу фактісі анықталған;  

2-2) осы Заңның 15-1-бабында белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар жасауға тыйым салуды бұзған; 

2-3) алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

2-4) осы Заңның 17-бабының 4-тармағында белгіленген тыйым салуды бұзғанда; 

2-5) сақтандыру брокері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген меншікті капиталдың ең төмен мөлшеріне қойылатын талаптарды сақтамағанда;  

2-6) сақтандыру шартын жасасуға байланысты қызметтерді ұсыну бойынша мемлекеттік сатып алуға сақтандыру брокерінің қатысу фактісі анықталғанда; 

2-7) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін сақтамағанда; 

3) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

4) сақтандыру қызметiн және сақтандыру брокерінің қызметін тексеруге байланысты уәкiлеттi мемлекеттiк органның өз құзыретi шегiнде талап еткен құжаттар мен ақпаратты беруден бас тартқан; 

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, басшы қызметкерлерін, сақтандыру брокерін келісуге байланысты талаптарды бұзған; 

6) алып тасталды; 

7) бухгалтерлiк есепте сақтандыру (қайта сақтандыру) жөнiндегi қаржы операцияларын тиiсiнше көрсетпеуге, сондай-ақ есепке алудың өзге де мiндеттi нысандарын жүргiзуге байланысты Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу фактiсi анықталған;  

8) лицензия беруге негiз болған құжаттарда жалған ақпарат беру фактiсi анықталған;  

8-1) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

9) алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

10) сақтандыру брокері сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асырған; 

10-1) сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті сақтандыру брокерінің кәсіби жауапкершілігіне байланысты тәуекелдер объектісі болып табылатын үшінші тұлғалар алдындағы өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың қолданыстағы шартынсыз жүзеге асырғанда; 

11) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзған; 

12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында осы Заңда көзделген жағдайларда дерекқорға қатысу шарты болмаған; 

13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында Қазақстан Республикасының заңдарында болуы көзделген, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымға қатысу шарты болмаған; 

13-1) осы Заңның 11-бабы 3-1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыру кезінде ірі қатысушы-жеке тұлға немесе сақтандыру холдингі болмаған; 

14) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

15) сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі талаптарын, сондай-ақ осы Заңның 53-4-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды орындамағанда; 

16) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі уәкілетті органның талаптарына сәйкес келмегенде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокері лицензиясының қолданылуы алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін. 

1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуы барлық сақтандыру сыныптары және (немесе) қызмет түрлері бойынша да, сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша да тоқтатыла тұруы мүмкін. 

1-2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы лицензиясының қолданысы мынадай негіздердің бірі бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін: 

1) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 2-4), 2-6), 2-7), 4), 5), 7), 8), 10), 10-1), 11), 12), 13) және 16) тармақшаларында көзделген негіздер; 

2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының осы Заңның 16-4-бабының 4-тармағына және 46-бабының 12-тармағына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, резерв ретінде қабылданатын активтердің мөлшеріне қойылатын талаптарды сақтамауы; 

3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның осы Заңның 46-бабының 12-тармағына және 53-3-бабының 7-тармағына сәйкес қойылатын талаптарын орындамауы; 

4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін осы Заңның 11-бабының 3-тармағына сәйкес тыйым салынған қызметті жүзеге асыру; 

5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметі процесінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды сақтамау; 

6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының немесе сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға лицензиясының қолданысын тоқтата тұруы. 

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін арттыруды көздейтін өзгертуді қоса алғанда, оның жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуына, сондай-ақ сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалдығын жүзеге асыруына тыйым салуға әкеп соғады. Бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзi қабылдаған мiндеттемелердi орындауға мiндеттi. 

3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс.  

Мұндай шешiм лицензиаттың атқарушы органының назарына жеткiзiлген күннен бастап лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған болып есептеледi. 

Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жөнінде қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. 

4. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы талаптар сақтандыру брокерiне қатысты қолданылмайды.  

Ескерту. 54-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.06.11 № 436, 2005.12.23 № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) , 2007.02.19 № 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...53‑4 53‑5 54 54‑1 55 ...92

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться