< Сақтандыру қызметi туралы

Ст. 86 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.04.2025

Сақтандыру қызметi туралы
86-бап. Сақтандыру омбудсманы, оның мәртебесі, қызмет қағидаттары, оны сайлау тәртібі және оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату

1. Мынадай:  

1) сақтандыру ұйымдары арасында міндетті және ерікті сақтандыру мәселелері бойынша туындайтын;  

2) сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) мен сақтандыру ұйымдары арасында сақтандыру шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға сақтандыру омбудсманы болып табылады. 

Cақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) болып табылатын жеке тұлғалар және (немесе) шағын кәсіпкерлік субъектілері барлық сақтандыру түрлері бойынша келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге құқылы. Өзге заңды тұлғалар сақтандыру омбудсманына көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша ғана жүгіне алады. 

Осы тармақтың екінші бөлігінде аталған тұлғалардың келіспеушіліктері бойынша талаптар сомасы айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. 

2. Сақтандыру омбудсманы өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады: 

1) тараптардың теңқұқықтылығы; 

2) сақтандыру омбудсманы шешім қабылдаған кезде объективтілік және бейтараптық; 

3) сақтандыру құпиясын және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау; 

4) тараптардың құқықтарын сақтау және заңмен қорғалатын мүдделерін құрметтеу; 

5) шешім қабылдау рәсімінің ашықтығы және негізділігі. 

3. Сақтандыру омбудсманын уәкілетті орган үш жыл мерзімге сайлайды.  

3-1. Сақтандыру омбудсманын сайлау және қызметін жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 

4. Алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Егер сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінің отырысына қатысатын сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінің мүшелері жиынтығында дауыстардың жалпы санының кемінде үштен екісін иеленсе, осы отырыс – заңды, ал кворум талаптары сақталды деп танылады.  

6. Сақтандыру омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды уәкілетті орган, оның ішінде сақтандыру омбудсманының өкілдері кеңесінің өтінішхаты бойынша жүзеге асырады. 

7. Сол бір адам қатарынан екі реттен астам сақтандыру омбудсманы болып сайлана алмайды. 

8. Сақтандыру омбудсманының өкілеттігін оның бастамасы бойынша мерзімнен бұрын тоқтату өкілеттік тоқтатылғанға дейін бір ай бұрын сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесін және уәкілетті органды жазбаша хабардар ету негізінде жүзеге асырылады. 

Ескерту. 86-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...84 85 86 87 88 ...92
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда




Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка



Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены



Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться