< Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы

Ст. 16 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
16-бап. Облыстық соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстары

Ескерту. 16-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 21.02.2019 № 226-VI Конституциялық заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз). 

1. Облыстық сот қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде екi рет жалпы отырыстар өткiзедi, оларда:  

1) тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;  

2) алынып тасталды - ҚР 2008.11.17 № 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен);

3) облыстық сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының ақпаратын тыңдайды;  

4) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;  

5) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 176-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

6) уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының қызметі туралы есепті тыңдайды; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

7) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.03.2023 № 215-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

7) аудандық және облыстық соттар судьяларының, аудандық сот төрағасының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және Жоғары Сот Кеңесіне құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін тиісті қорытындылар шығарады; 

7-1) аудандық сот төрағасының, облыстық сот судьясының лауазымдарына кадр резервіне алу үшін кандидатураларды қарайды; 

8) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 176-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

9) судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және тиiстi қорытынды бередi;  

9-1) алынып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

9-2) алып тасталды - ҚР 21.02.2019 № 226-VI Конституциялық заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз);

9-3) тәртіптік іс жүргізу шеңберінде судьяның әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарады; 

10) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады;  

2. Жалпы отырыс облыстық сот судьяларының жалпы санының кемінде үштен екiсi қатысқан кезде құқықтық күші бар болып табылады. 

Кеңейтілген жалпы отырыс облыстық сот судьяларының және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аудандық соттары судьяларының жалпы санының кемінде үштен екiсi қатысқан кезде құқықтық күші бар болып табылады. 

2-1. Облыстық сот кеңейтілген жалпы отырыстар өткiзедi, оларда: 

1) жергілікті соттың екі судьясын Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына жібереді; 

2) Жоғары Сот Кеңесінің, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің және Кадр резерві жөніндегі комиссияның, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның құрамдарына судьялардың кандидатураларын қарайды және Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына тиісті ұсынымдарды шығарады; 

3) ЗҚАИ-ның ескертпесі!

01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР 27.03.2023 № 215-VII Конституциялық заңымен (мәтін алып тасталды).

Облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырыстарына облыстық соттың судьялары және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аудандық соттарының судьялары қатысады. 

3. Облыстық соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарының жұмыс тәртiбi ол бекiткен регламентпен айқындалады. 

4. Жалпы отырыстың кадр мәселелеріне және судьялардың тәртіптік жауапкершілігі мәселелеріне қатысты шешімдері жасырын дауыс беру арқылы қабылданады. 

Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11. № 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.17 № 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 № 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 209-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.02.2019 № 226-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2022 № 176-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 215-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Статья 1 ...14 15 16 16‑1 17 ...59
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться