Ст. 16 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
16-бап. Облыстық соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстары
Ескерту. 16-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 21.02.2019 № 226-VI Конституциялық заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз). 1. Облыстық сот қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде екi рет жалпы отырыстар өткiзедi, оларда:
1) тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;
2) алынып тасталды - ҚР 2008.11.17 № 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен);
3) облыстық сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының ақпаратын тыңдайды;
4) сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
5) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 176-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;
6) уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының қызметі туралы есепті тыңдайды;
7) аудандық және облыстық соттар судьяларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және Жоғары Сот Кеңесіне құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін тиісті қорытындылар шығарады;
7-1) аудандық сот төрағасының, облыстық сот судьясының лауазымдарына кадр резервіне алу үшін кандидатураларды қарайды;
8) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 176-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;
9) судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және тиiстi қорытынды бередi;
9-1) алынып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;
9-2) алып тасталды - ҚР 21.02.2019 № 226-VI Конституциялық заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз);
9-3) лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде аудандық сот төрағасының әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиісті шешім шығарады;
9-4) сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін аудандық сот судьясын, төрағасын немесе облыстық сот судьясын тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе тартпау туралы ұсынымды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды;
10) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
2. Жалпы отырыс облыстық сот судьяларының жалпы санының кемінде үштен екiсi қатысқан кезде құқықтық күші бар болып табылады.
Кеңейтілген жалпы отырыс облыстық сот судьяларының және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аудандық соттары судьяларының жалпы санының кемінде үштен екiсi қатысқан кезде құқықтық күші бар болып табылады.
2-1. Облыстық сот кеңейтілген жалпы отырыстар өткiзедi, оларда:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
1) жергілікті соттың екі судьясын Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына жібереді;
2) Жоғары Сот Кеңесінің, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің және Кадр резерві жөніндегі комиссияның, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның құрамдарына судьялардың кандидатураларын қарайды және Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысына тиісті ұсынымдарды шығарады;
3) Жоғары Сот Кеңесі кадр резервінен ұсынған адамдар және (немесе) өз кандидатурасын өзі дербес ұсынған адамдар қатарынан аудандық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды баламалы негізде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды және тиісті қорытындылар шығарады.
Облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырыстарына облыстық соттың судьялары және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аудандық соттарының судьялары қатысады.
3. Облыстық соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарының жұмыс тәртiбi ол бекiткен регламентпен айқындалады.
4. Жалпы отырыстың кадр мәселелеріне және судьялардың тәртіптік жауапкершілігі мәселелеріне қатысты шешімдері жасырын дауыс беру арқылы қабылданады.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11. № 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.17 № 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 № 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 209-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.02.2019 № 226-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2022 № 176-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 215-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 05.07.2024 № 109-VIII (01.10.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Читать еще раз
Өсімдіктер дүниесі туралы 52-бап. Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды құқықтық және әлеуметт... Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы 12-бап. Астанадағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі Трудовой кодекс РК Статья 60. Основания прекращения трудового договора вследствие нарушения условий заключения трудового договора Ойын бизнесi туралы 17-бап. Өтпелі және қорытынды ережелер Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 15-бап. Облыстық соттың сот алқасының төрағасыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей