Ст. 23-1 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
23-1-бап. Халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларының мәртебесі
1. Халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларына соңғы лауазымына конкурссыз орналасу құқығы беріледі, ал, халықаралық соттың судьясы болып жұмыс істеген уақыты судьялық жұмыс өтіліне қосылады және орнынан түскен кезде ескеріледі. Тиісті сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар олардың келісімімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда конкурссыз тағайындау осы Конституциялық заңның 31-бабының 10-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларына Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда реттелмеген бөлігінде осы Конституциялық заңда көзделген барлық материалдық және әлеуметтік кепілдіктер қолданылады.
Ескерту. 1-тарау 23-1-баппен толықтырылды - ҚР 07.11.2014 № 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 21.02.2019 № 226-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.03.2023 № 215-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей