< Байланыс туралы

Ст. 36 Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Байланыс туралы
36-бап. Байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың құқықтарын қорғау

1. Пайдаланушылардың өздерiне тиiстi сападағы байланыс қызметтерiнiң көрсетiлуiне құқығын, осындай қызметтер туралы және оларды орындаушылар туралы ақпарат алу құқығын қорғау, сондай-ақ осындай құқықтарды iске асыру тетiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

1-1. Телефон байланысы арқылы (ұялы байланысты қоса алғанда) зияткерлік қызметтер көрсетуге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізуді ұсыну кезінде тарифтелетін жалғаным басталғанға дейін байланыс операторы осы жалғанымның құны туралы абонентті хабардар етуге міндетті.

Абонент телефон жалғанымына келісім берген жағдайда (яғни, абонент мұндай жалғанымды үзбесе), осы жалғанымның төлемі тарифтеудің толық бірліктерінің тарифке көбейтілген саны бойынша телефон жалғанымының ұзақтығы негізге алынып айқындалады.

Егер абонент мұндай жалғанымға келіспесе (яғни тиісті хабардар етуді алғаннан кейін мұндай жалғанымды үзсе), онда жалғанымды орнатуды ұйымдастырғаны үшін төлем алынбайды.

Егер байланыс операторы тарифтелген жалғаным басталғанға дейін осы жалғанымның құны туралы абонентті хабардар етпеген жағдайда, онда зияткерлік қызметтер көрсетуге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізу ұсынылғаны үшін төлем алынбайды.

1-2. Қысқа мәтінді хабарлама жіберу арқылы зияткерлік қызметтер көрсетуге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізу ұсынылған кезде ұялы байланыс операторы қысқа мәтінді хабарлама арқылы осы қызметті көрсетудің құны туралы абонентті хабардар етуге міндетті. Абонент осы хабарламаның жіберілгенін растаған жағдайда, аталған қызметті көрсеткені үшін төлем алынады, бұл ретте растағаны үшін абоненттен төлем алынбайды.

Егер байланыс операторы зияткерлік қызметтер көрсетуге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізуді ұсыну бойынша қысқа мәтінді хабарламаның құны туралы абонентті хабардар етпесе, онда бұл қызметті көрсеткені үшін төлем алынбайды.

1-3. Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету кезінде байланыс операторы соттың заңды күшіне енген шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті шектеуге міндетті.

2. Байланыс операторлары хат-хабар алысу, телефонмен сөйлесу, пошта жөнелтiмдерi, телекоммуникация желiлерi бойынша берiлетiн телеграфтық және өзге де хабарламалар құпиясын қамтамасыз етедi, бұған Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен осы құқықты шектеу жағдайлары қосылмайды.

3. Жергілікті телефон байланысы қызметтерін көрсететін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің байланыс операторлары анықтама қызметтерін құру немесе телефон нөмірлерінің анықтамалығын жариялау мақсатында сұрау салу бойынша бір-біріне өз желісінің пайдаланушылары туралы деректерге рұқсат беруге құқылы. Ақпарат осы Заңның және Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасының талаптары ескеріле отырып беріледі.

4. Байланыс операторынан қызметтік ақпарат алуға тек қана абоненттің келісімімен және осы Заңда және "Жедел-іздестіру қызметі туралы", "Қарсы барлау қызметі туралы", "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жол беріледі.

4-1. Байланыс желісіне заңсыз қол жеткізгені үшін Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауаптылық белгіленеді.

5. Байланыс операторлары байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың хат-хабар алысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф арқылы жiберiлетiн және өзге де хабарламаларының құпиясын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

6. Байланыс операторының жергiлiктi телефондық қосылыстарды уақытына қарай есепке алуды жүзеге асыруға техникалық мүмкiндiктерi болған жағдайда, байланыс қызметiн пайдаланушы - жеке тұлға қызметтерге абоненттік, уақытына қарай немесе аралас ақы төлеу жүйесiн таңдап алуға құқылы.

Уақытына қарай ақы төлеу жүйесi кезiнде пайдаланушының талабы бойынша байланыс операторы ақы төленуге тиiстi, жүзеге асырылған жергiлiктi телефондық қосылыстар туралы жазбаша ақпаратты тегiн беруге мiндеттi.

Мұндай ақпарат берiлмеген жағдайда байланыс қызметтерiн пайдаланушы байланыс қызметтерiне абоненттiк жүйе бойынша төлем жүргiзуге құқылы.

Байланыс қызметтерiн пайдаланушы - заңды тұлға жергiлiктi телефондық қосылыстарға уақытына қарай ақы төлеу жүйесi бойынша есеп айырысуды жүзеге асырады. Байланыс қызметтерiн пайдаланушы телефондық қосылыстарды есепке алудың сертификатталған есептегiшiн орнатуға құқылы.

7. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшері мен тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.11.21 № 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.07 № 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...34 35 36 36‑1 36‑2 ...42
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться