Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 36-2 Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 22.10.2026

Байланыс туралы
36-2-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу

Ескерту. 36-2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 19.06.2026 № 320-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 

Абонент үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу өтеусіз негізде жүзеге асырылады. 

2. Алып тасталды – ҚР 19.06.2026 № 320-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-1. Жеке тұлғаның күнтізбелік бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағына жеке пайдалану үшін әкелінген, ұялы байланыстың екіден аспайтын абоненттік құрылғысын ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу қағидаларына сәйкес верификациялауына жол беріледі. 

3. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу үшін оның иеленушісі өзіне қызмет көрсететін операторға:  

жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін); 

ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды; 

ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы пайдаланатын абоненттік нөмір туралы мәліметтерді ұсынады. 

Ұялы байланыс операторлары барлық мәліметтерді ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторына өтеусіз жібереді. 

Күзетілетін адамдар пайдаланатын ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды туралы ақпарат қана беріледі.  

4. Ұялы байланыс операторы ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорында ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының басқа иеленушісі тіркеген осындай ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды болған жағдайда немесе егер абоненттік нөмір басқа иеленушіге тіркелген жағдайда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеуден бас тартады. 

5. Ұялы байланыс операторына мәліметтері ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілмеген не ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілген мәліметтерге сәйкес келмейтін және (немесе) пайдаланылуына ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу қағидаларына сәйкес жол берілмейтін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы бойынша ұялы байланыс қызметтерін көрсетуіне тыйым салынады. 

5-1. Ұялы байланыстың абоненттік нөмірін және (немесе) абоненттік құрылғысын үшінші тұлғаға тұрақты пайдалану үшін берген жағдайда, абонент ұялы байланыстың абоненттік нөмірін және (немесе) абоненттік құрылғысын берілетін тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта ресімдеуді қамтамасыз етуге міндетті. 

6. Абоненттерге ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу мүмкіндігі туралы хабар беру мақсатында ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторы ұялы байланыстың тіркелген абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы, сондай-ақ ұялы байланыстың верификациялаудан өткен абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтерге қол жеткізуді интернет-ресурс арқылы өтеусіз қамтамасыз етуге міндетті. 

7. Ұялы байланыс операторлары ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторына абоненттік нөмірлер иеленушілерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін) туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы баптың 3-тармағында көзделген, өздері қызмет көрсететін абоненттік нөмірлер туралы ақпаратты беруге міндетті. Бұл ретте ұялы байланыс операторлары желіні, цифрлық жүйелер мен бағдарламалық қамтылымды жаңғырту бойынша барлық шығынды өздері көтереді, сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу қағидаларына сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтары дерекқорының ресурстарына қолжетімділік бергені үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді жүзеге асырады. 

8. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары дерекқорының операторы ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорындағы мәліметтерді заңсыз таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

Ескерту. 8-тарау 36-2-баппен толықтырылды - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2026 № 320-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-тарау. Байланыс қызметтерін көрсету ерекшеліктері

Статья 1 ...36 36‑1 36‑2 37 38 ...42

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии









Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться