< ҚР кеден iсi туралы

Ст. 10 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
10-бап. Кеден органдарының міндеттері

1. Кеден органдары: 

1) декларанттардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың заңды құқықтарын сақтауға және мемлекет мүдделерін қорғауға; 

2) кеден органының және (немесе) кеден органының лауазымды адамдарының шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға; 

3) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететін жағдайлар жасау жолымен сыртқы сауданың дамуына жәрдемдесуге;  

4) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыруға; 

5) кеден ісі саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға; 

6) өз өкілеттігі шегінде декларанттарға және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға өз құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуге; 

7) кедендік төлемдер мен салықтардың толық өндіріп алынуын және бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге; 

8) өз құзыреті шегінде осы Кодексте белгіленген мерзімдерде шешімдер қабылдауға және декларанттардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың Кеден одағы және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтауы және міндеттерді орындауы бойынша олардың қызметін бақылауды жүзеге асыруға; 

9) Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендік статистикасын және арнаулы кедендік статистикасын жүргізуді жүзеге асыруға; 

10) өз құзыреті шегінде Кеден одағының кедендік шекарасын күзетуді және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының және өзге де заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге; 

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарының қызметіне, кеден органдарының лауазымды адамдарына және олардың отбасы мүшелеріне қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге;  

12) өз құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және оларды анықтау жөнінде жұмыс жүргізуге; 

13) кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалғандығы туралы ақпарат жинауды және талдауды жүзеге асыруға; 

14) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Кеден одағының кедендік шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;  

15) өтініштерді уақтылы, объективті және жан-жақты қарауды және кеден ісі саласына келіп түсетін сауалдар мен ұсыныстарды ескере отырып, жауап беруді немесе тиісті іс-әрекеттер жасауды қамтамасыз етуге; 

16) кеден ісі саласында ақпарат және консультация беруді өтеусіз жүзеге асыруға; 

17) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілері негізінде аталған органдардың келісімімен өзара іс-қимыл жасауға;  

18) кеден ісін жетілдіру және кедендік әкімшілік жүргізудің тиімді әдістерін енгізу мақсатында сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасауға; 

19) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша, "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді табыс етуге; 

19-1) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа жүзеге асырылатын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, декларацияланған мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөніндегі ақпаратты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға тоқсан сайын ұсынуға; 

19-2) импорттаушылардың заңды мекенжайларын, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген өнімнің (тауарлардың) көлемдері мен түрлерін көрсете отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын импорттаушылар бойынша ақпарат ұсынуға; 

20) белгіленген мерзімдерде бюджетке төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың сомаларын, сондай-ақ өсімпұлды өндіріп алуға; 

21) Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асыруға; 

22) мемлекет меншігіне айналдырылған тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге; 

23) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген басқа да міндеттерді орындауға міндетті. 

2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарының құзыретіне жатқызылған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтаған кезде, кеден органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде мұндай құқық бұзушылықтар бойынша қолда бар материалдарды Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына беруге міндетті. 

Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 407-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...477
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться