< ҚР кеден iсi туралы

Ст. 166 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
166-бап. Төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды оның дебиторларының шоттарынан өндіріп алу

Ескерту. 166-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 

1. Төлеушінің банк шоттарында ақшасы және қолма-қол ақшасы болмаған жағдайда, пайда болған кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек, өсімпұлдар шегінде кеден органы төлеушінің алдында берешегі бар үшінші тұлғалардың (бұдан әрі – дебиторлар) банк шоттарындағы ақшасынан өндіріп алуға құқылы. 

Төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама тапсырылған күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлама жіберген кеден органына дебиторлық берешектердің сомаларын көрсете отырып дебиторлардың тізімін және бар болған жағдайда дебиторлармен бірлесіп жасаған және дебиторлық берешек сомаларын растайтын өзара есеп айырысулардың салыстыру актілерін ұсынуға міндетті. 

Төлеушілер кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеген жағдайда дебиторлар тізімі мен өзара есеп айырысуды салыстыру актісі ұсынылмайды. 

Өзара есеп айырысуды салыстыру актісі бар болған кезде кеден органы дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы хабарламаны дебиторлар алған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу туралы инкассолық өкімдерді дебиторлардың банк шоттарына шығарады. 

Төлеуші дебиторлардың тiзiмiн не дебиторлардың жоқ екені туралы мәлiметтерді және (немесе) өзара есеп айырысуды салыстыру актісін ұсынбаған жағдайда кеден органы көрсетілген төлеушіге тексеру жүргiзедi. Бұл ретте кеден органы сотта дауланатын дебиторлық берешек сомасын растауға құқылы емес. 

2. Дебиторлық берешек сомасын растайтын ұсынылған дебиторлар тізімі негізінде кеден органы дебиторларға дебиторлық берешек шегінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу есебіне олардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы хабарлама жібереді. Дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы хабарламаның нысаны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді. 

Дебитор хабарламаны алған кезден бастап жиырма күннен кешіктірмей, хабарламаны алған күні төлеушімен бірлесіп жасаған өзара есеп айырысудың салыстыру актісін хабарлама жіберген кеден органына беруге міндетті. 

3. Төлеуші мен оның дебиторы арасындағы өзара есеп айырысуды салыстыру актісінде мынадай мәліметтер: 

1) төлеушінің және оның дебиторының атауы, олардың сәйкестендіру нөмірлері; 

2) орналасу жері бойынша тіркеу есебінде тұрған төлеуші және оның дебиторы есепте тұрған кеден органының атауы; 

3) төлеушінің және оның дебиторының банк шоттарының деректемелері; 

4) дебитордың төлеуші алдындағы берешек сомасы; 

5) төлеушінің және оның дебиторының заңды мекенжайлары, мөрлері (ол болған кезде), сондай-ақ қолтаңбалары; 

6) салыстыру актісі жасалған күн қамтылуға тиіс. 

4. Кеден органы дебиторлық берешектің сомасын растайтын өзара есеп айырысуды салыстыру актісінің негізінде дебитордың банк шотына төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу туралы инкассолық өкім шығарады. 

5. Банк немесе дебитор-төлеушілердің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы Кодекстің 165-бабында айқындалған талаптарға сәйкес кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың сомаларын өндіріп алу туралы кеден органының инкассолық өкімін орындауға міндетті. 

Ескерту. 166-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...164 165 166 167 168 ...477
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться