< ҚР кеден iсi туралы

Ст. 293 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
293-бап. Тауарларды мерзімдік кедендік декларациялау

1. Белгілі бір тұлға белгілі бір тауарды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тұрақты өткізген кезде кеден органы күнтізбелік отыз күн ішінде Кеден одағының кедендік шекара арқылы өткізілетін барлық тауарларға кедендік декларацияны табыс етуге рұқсат беруі мүмкін. 

2. Егер тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бірдей сыныптау коды болса, олар белгілі бір тауар ретінде қарастырылады. 

3. Егер белгілі бір тұлға белгілі бір тауар түрін күнтізбелік отыз күн ішінде үш және одан да көп рет жеткізіп берсе, тауарды белгілі бір тұлға Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тұрақты өткізген тауарлар ретінде қарастырылады. 

4. Кедендік мақсаттар үшін: 

тауарларды Кеден одағының кедендік аумағынан әкеткен кезде – белгілі бір өткізу пункті арқылы өткізілетін және оларды кедендік декларациялау жеке жеткізілім санына қарамастан бір сыртқы сауда шарты (келісімшарты) бойынша белгілі бір кеден органында күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізілетін белгілі бір тауарлар; 

тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелген кезде – кедендік декларациялау жеке жеткізілім санына қарамастан бір сыртқы сауда шарты (келісімшарты) бойынша белгілі бір кеден органында күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізілетін белгілі бір тауарлар бірыңғай партия ретінде қарастырылады. 

5. Акцизделетін тауарларды қоспағанда, кедендік баждар, салықтар толық кедендік декларация бойынша тауарларды шығарғанға дейін төленеді. 

6. Акцизделетін тауарлар бойынша кедендік баждар мен салықтар мерзімдік кедендік декларация бойынша тауарларды шығарғанға дейін төленеді. 

7. Мерзімдік кедендік декларациялау кезінде кеден органы мерзімдік кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыстағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері қолданылады. 

8. Мерзімдік кедендік декларациялау, кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз еткен жағдайда жеткізілім кезеңі басталғанға дейін мерзімдік кедендік декларация беру жолымен жүргізіледі. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету осы Кодекстің 6-тарауына сәйкес уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолданылмайды. Бұл ретте мерзімдік кедендік декларация тауарлардың бірыңғай партиясына толтырылады. 

9. Кеден органы мерзімдік кедендік декларация қолданылуының бүкіл кезеңі ішінде тауарлар партиясының әрбір жеткізілімінің өткізілуін іс жүзінде есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады. 

10. Мерзімдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, тауарларды өткізу жүргізілген жеткізілім кезеңі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей әкелінген немесе әкетілген тауарлардың іс жүзіндегі саны ескеріле отырып толтырылған толық кедендік декларация табыс етіледі. 

Мерзімдік кедендік декларацияда мәлімделген көлемнен өзгеше көлемде тауарлар әкелінген (әкетілген) жағдайда толық кедендік декларация әкелінген (әкетілген) тауарлардың іс жүзіндегі саны ескеріле отырып толтырылады. Бұл ретте мерзімдік кедендік декларация жеткізіліп берудің келесі кезеңіне осындай өзгерістер ескеріле отырып толтырылады. 

11. Кеден органы мерзімдік декларациялауды қолданудан: 

1) тауарларды болжамды өткізу мерзімдік кедендік декларациялау рәсімдерін пайдалану талаптарына сай келмеген жағдайда; 

2) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегі бар тұлғаларға; 

3) банкроттық туралы іс қозғалған тұлғаларға қатысты бас тартады. 

Ескерту. 293-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...291 292 293 294 295 ...477
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует



Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.



Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.



Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?



Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться