< ҚР кеден iсi туралы

Ст. 97 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
97-бап. Кедендік құн туралы жалпы ережелер

1. Осы тараудың ережелері Кеден одағының бірыңғай кедендік тарифін қолдану мақсатында тауарлардың кедендік құнын айқындаудың бірыңғай қағидаларын, сондай-ақ Кеден одағының тауар айналымын реттеу үшін енгізілетін (енгізілуі мүмкін) кедендік-тарифтік реттеуден ерекшеленетін өзге де шараларды қолдануды реттейді. Аталған ережелер тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде Кеден одағының кедендік шекарасынан іс жүзінде кесіп өткен жағдайда қолданылады және мұндай тауарларға қатысты өткен кезінде мәлімделген кедендік рәсімнің нормалары қолданылады. 

2. Тауарлардың кедендік құнын - декларант не декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін кеден өкілі, ал осы Кодексте белгіленген жағдайларда кеден органы айқындайды. 

3. Егер тауарларды декларациялау кезінде олардың кедендік құнының нақты шамасын есептеу үшін қажетті нақты мәліметтерді растайтын құжаттардың жоқ болуына байланысты оны айқындау мүмкін болмаса, тауарлардың кедендік құнының нақты шамасын айқындауды кейінге қалдыруға жол беріледі. Бұл жағдайда оны декларанттағы құжаттар мен мәліметтер негізінде мәлімдеуге және мәлімделген кедендік құнды негізге ала отырып, кедендік баждарды, салықтарды есептеу мен төлеуге жол беріледі. 

Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес кедендік құнды айқындау жағдайлары, сондай-ақ кедендік құнды декларациялау және бақылау тәртібі, мұндай жағдайлар үшін кедендік баждарды, салықтарды есептеу мен төлеу ерекшеліктері Комиссияның шешімімен белгіленеді. 

4. Осы тараудың ережелері Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, жеке пайдалануға арналған тауарларға қолданылмайды. 

5. Осы тараудың мақсаттары үшін пайдаланылатын ұғымдар мынадай мағынаға ие: 

"әкелінетін тауарлар" – Кеден одағының кедендік аумағына әкелу мақсатында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар; 

"белгілі бір сыныптағы немесе түрдегі тауарлар" - бірдей немесе біртекті тауарларды қоса алғанда, жасалуы экономикалық қызметтің тиісті түріне жататын тауарлардың бір тобына немесе қатарына жататын тауарлар; 

"бухгалтерлік есептің жалпыға бірдей қабылданған принциптері" - белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында қолданылатын бухгалтерлік есеп қағидаларының жүйесі; 

"бірдей тауарлар" - барлық жағынан да, оның ішінде физикалық сипаттары, сапасы мен репутациясы жағынан бірдей тауарлар. Сыртқы түріндегі елеусіз айырмашылықтар, егер бұл тауарлар басқа жағынан осы абзацтың талаптарына сәйкес болса, тауарларды бірдей деп танымау үшін негіз болып табылмайды. Егер тауарлар олар бағаланатын (әкелінетін) елдің өзінде шығарылмаса немесе, егер осы тауарларға қатысты жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыстар, көркемдеп әрлеу, дизайн, экскиздер, сызбалар және өзге де сол сияқты жұмыстар Кеден одағының кедендік аумағында орындалған болса, олар бірдей тауарлар деп есептелмейді. "Өндірілген" ("өндірілді") деген ұғым тауарларға қатысты "өндіріп алынған", "өсірілген", "жасалған" (оның ішінде тауарларды монтаждау, жинау немесе бұзып бөлшектеу арқылы) деген ұғымды білдіреді. Бағаланатын тауарларды өндіретін тұлғадан өзге тұлға өндірген бірдей тауарлар сол өндірушінің бірдей тауарлары анықталмаған не қолда бар ақпарат пайдалануға келмейді деп есептелген жағдайда ғана назарға алынады; 

"біртекті тауарлар" - барлық жағынан бірдей емес, бірақ ұқсас сипаттамалары бар және осындай материалдардан өндірілген ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын тауарлар бағаланатын (әкелінетін) тауарлар сияқты функцияларды орындауға мүмкіндік береді және оларды коммерциялық өзара ауыстыруға болады. Тауарлар біртекті болып табыла ма дегенді анықтау кезінде сапа, репутация және тауар таңбасының болуы сияқты сипаттамалары ескеріледі. Егер тауарлар бағаланатын (әкелінетін) тауарлар өндірілген елде өндірілмесе немесе осы тауарларға қатысты жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыстар, көркемдеп әрлеу, дизайн, экскиздер, сызбалар және соған ұқсас өзге де жұмыстар Кеден одағының кедендік аумағында орындалған болса, олар біртекті деп есептелмейді. "Өндірілген" ("өндірілді") деген ұғым тауарларға қатысты "өндіріп алынған", "өсірілген", "жасалған" (оның ішінде тауарларды монтаждау, жинау немесе бұзып бөлшектеу арқылы) деген ұғымды білдіреді. Бағаланатын тауарларды өндірушіден өзге тұлға өндірген біртекті тауарлар сол өндірушінің бірдей тауарлары анықталмаған не қолда бар ақпарат пайдалануға келмейді деп есептелген жағдайда ғана қаралады; 

"Кеден одағының кедендік аумағына тауарлар келетін орын" - тиісті Тарап мемлекетінің мемлекеттік шекарасын іс жүзінде кесіп өткеннен кейін тауарлар жеткізілуге тиіс Кеден одағының кедендік аумағы арқылы өткізу пункті. Кедендік құнды анықтау мақсатында осы ұғымды нақтылау Кеден одағы органдарының бірлескен шешіміне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін; 

"өзара байланысты тұлғалар" - мына шарттардың ең болмағанда біріне сай келетін: 

1) бірі бірінің қызметкері немесе директоры (басшылары) болып табылатын; 

2) заңды түрде танылған іскер әріптестер болып табылатын, яғни шарттық қатынастармен байланысты, пайда алу мақсатында әрекет ететін және бірлескен қызметті жүзеге асырумен байланысты шығыстар мен залалдарды бірлесіп көтеретін; 

3) жұмыс беруші және қызметкер, қызметші болып табылатын; 

4) екеуінің де айналысқа шығарылған дауыс беретін акцияларының бес немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін, бақылайтын немесе ұстаушы болып табылатын қандай да бір тұлға; 

5) олардың бірі басқасын тікелей немесе жанама бақылайтын; 

6) олардың екеуін де үшінші тұлға тікелей немесе жанама бақылайтын; 

7) олардың екеуі үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама бақылайтын; 

8) туысқан немесе бір отбасының мүшелері болып табылатын тұлға. 

Бірлескен кәсіпкерлік немесе өзге қызметте әріптестер болып табылатын және бұл орайда олардың бірі басқасының айрықша (жалғыз) агенті, айрықша дестрибьюторы немесе айрықша концессионері болып табылатын тұлғалар, бұл қалай ұсынылса да, егер осы аталған тұлғалар көрсетілген жағдайлардың біріне сай келсе, осы тараудың мақсаттары үшін өзара байланысты деп есептелуге тиіс; 

"үшінші елдер" - 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және Кеден одағын қалыптастыру туралы шарттың қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттер. 

6. Егер тұлға басқа тұлғаға қатысты заңды түрде немесе іс жүзінде шектеулерді немесе нұсқамаларды қолданатын болса, ол осы тұлғаны бақылаушы тұлға деп есептеледі.
Статья 1 ...95 96 97 98 99 ...477
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться