< Телерадио хабарларын тарату туралы

Ст. 11 Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Телерадио хабарларын тарату туралы
11-бап. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия

1. Телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ халықтың теле-, радиоарналарға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында уәкілетті орган жанынан консультативтік-кеңесші орган – Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия құрылады.

Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның қызметі оның құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау және шешу кезінде айқындылық пен ашықтық негізінде жүзеге асырылады. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары бойынша уәкілетті орган қабылдайтын барлық шешімдер мен қорытындылар ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.

2. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның негізгі функциялары:

1) телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;

2) көпарналы хабар таратуда еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

3) көпарналы хабар таратуда міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

4) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу жөніндегі конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау мен олардың техникалық және қаржылық ұсыныстарын ескере отырып, жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

5) ұлттық операторды тыңдау қорытындылары бойынша ұсынымдар тұжырымдау болып табылады.

3. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын уәкілетті орган бекітеді.

5. Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді іске асыратын уәкілетті орган болып табылады.

Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...43
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.




Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.



Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться