Ст. 21 Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV
Телерадио хабарларын тарату туралы
21-бап. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қоюдан бас тартудың және шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлікті кері қайтарып алудың негіздері
1. Уәкілетті орган шетелдік теле-, радиокомпания өкіліне шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою туралы куәлік беруден:
1) өтініш мазмұны осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес келмейтін болса;
2) теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алым төленбеген болса;
3) шетелдік теле-, радиоарнаның материалдары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, экстремизмдi немесе терроризмді, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты насихаттауды және үгiттеуді, ұлтаралық және конфессияаралық араздықты қоздыруға бағытталған ақпаратты, сондай-ақ порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы кино- және бейнеөнiмдердi, сондай-ақ суицидті насихаттайтын ақпаратты қамтитын болса;
4) дінтану сараптамасы нәтижелері бойынша теріс қорытынды болса;
5) шетелдік теле-, радиоарна өнімдеріне қатысты Қазақстан Республикасының аумағында оны таратуға тыйым салу туралы сот шешімі болса;
6) осы Заңның 20-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) немесе филиалдың (өкілдіктің) есептік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтама ұсынылмаған болса, бас тартады.
2. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қоюдан бас тарту кезінде шетелдік теле-, радиокомпания өкіліне дәлелді бас тарту жазбаша түрде беріледі.
2-1. Егер шетелдік теле-, радиоарна Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаның қызметін тоқтатқан немесе жаңа заңды тұлға немесе филиал (өкілдік) құрмай, осы Заңның 18-1-бабының 2-тармағында көзделген филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығарған жағдайда, уәкілетті орган күнтізбелік он бес күн ішінде шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлікті кері қайтарып алады.
3. Осы баптың 2-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, шетелдік теле-, радиоарна Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайларда, уәкілетті орган есепке қою туралы куәлікті кері қайтарып алу үшін сотқа жүгінеді.
3-1. Егер шетелдік теле-, радиоарнадан есепке қою туралы куәлік кері қайтарып алынған жағдайда, уәкілетті орган телерадио хабарларын тарату операторларына Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарнаның трансляциясын және (немесе) ретрансляциясын шектеу жөнінде шаралар қабылдау туралы нұсқама шығарады.
4. Сот шетелдік теле-, радиоарна тарататын ақпаратты осы Заңның және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің талаптарына қайшы келеді деп таныса, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарнаның таратылуы тоқтатыла тұрады не тоқтатылады.
Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-тарау. ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей