Ст. 24 Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV
Телерадио хабарларын тарату туралы
24-бап. Телерадио хабарларын тарату операторлары
1. Телерадио хабарларын тарату операторлары телекоммуникация желілерінде:
1) теле-, радиоарналар топтамаларын трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес теле-, радиокомпаниялармен жасалған шарттар негізінде теле-, радиоарналарды трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау;
3) егер телерадио хабарларын тарату операторлары мен теле-, радиокомпаниялар арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, теле-, радиоарналарды теле-, радиобағдарламаларының мазмұнын өзгертпестен ретрансляциялау жолымен теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Осы тармақшаның ережесі осы Заңның 34-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды;
4) осы Заңның 19-бабына сәйкес есепке қою рәсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын тарату операторы мен шетелдік теле-, радиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) арасында жасалған шарттардың негізінде трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау жолымен теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
5) міндетті теле-, радиоарналарды, еркін және шартты түрде қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау жолымен теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Телерадио хабарларын тарату операторлары телекоммуникация желілерінде телегазет тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы.
2. Телерадио хабарларын тарату операторлары:
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген сәйкестік сертификаттары бар техникалық құралдарды теле-, радиоарналарды тарату үшін пайдалануға;
трансляциялауды және (немесе) ретрансляциялауды телерадио хабарларын таратудың техникалық пайдалану қағидаларына және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асыруға;
цифрлық форматта сигнал алатын және контентті жеткізудің цифрлық технологиясын пайдаланатын телерадио хабарларын тарату операторы цифрлық телерадио хабарларын тарату стандарттарына сәйкес бағдарламалық ағынның жылдамдығымен цифрлық форматта өзі пайдаланатын барлық желідегі теле-, радиоарналар сигналдарын трансляциялауды қамтамасыз етуге;
телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сәйкес отандық теле-, радиоарналарды трансляциялауды және (немесе) ретрансляциялауды жүзеге асыруға міндетті.
Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы

Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей