Ст. 20 Жылу энергетикасы туралы Заңы 2024 жылғы 8 шілдедегі № 120-VIII ҚРЗ
Жылу энергетикасы туралы
20-бап. Жылу энергетикасындағы жоспарлау
1. Жылу энергетикасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары негізінде жұмыс істейді және дамиды. 2. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жылу энергетикасына қолданылатын құжаттарын әзірлеу мен бекіту кезінде Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алуға міндетті.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақ 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – осы Заңның 53-бабына сәйкес.
3. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жылу энергетикасының жұмыс істеуі және оларды дамыту жылумен жабдықтауды дамытудың ұзақ мерзімді және орта мерзімді схемалары негізінде жүзеге асырылады.
4. Жылумен жабдықтауды дамыту схемаларында мыналар ескерілуге тиіс:
1) жылу энергетикасының нақты көрсеткіштері;
2) жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштері;
3) жылу энергетикасының жоспарлы көрсеткіштері;
4) әкімшілік-аумақтық бірліктің ерекшеліктері ескеріле отырып, жылумен жабдықтаудың әртүрлі жүйелерін оңтайлы үйлестіру;
5) жылу энергиясымен қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметке ағымдағы және перспективалық сұранысты қанағаттандыру;
6) елді мекендердің бекітілген бас жоспарлары, шағын елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың схемалары;
7) барлық тұтынушыны жылу энергиясымен қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу мен оларға ақы төлеу деңгейінің тең жағдайлары (кемсітпеушілік тәсіл);
8) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жылумен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігін, қоршаған ортаға зиянды әсердің барынша аз болуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптар ескеріле отырып, жылу энергетикасын дамытудың, энергия үнемдеу және ресурс үнемдеу технологияларын дамытудың, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейтудің, қаржыландыруды және өзге де факторларды қамтамасыз етудің оңтайлы шешімдері.
5. Жергілікті атқарушы органдар жылумен жабдықтауды дамыту схемаларын әзірлеген кезде жергілікті жағдайды ескере отырып, жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін іс-шараларды қаржыландыру мерзімдерін, көлемдерін, басымдығы мен көздерін айқындайды.
Лучшие юристы


Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей