Ст. 21 Жылу энергетикасы туралы Заңы 2024 жылғы 8 шілдедегі № 120-VIII ҚРЗ
Жылу энергетикасы туралы
21-бап. Жылу энергетикасының жай-күйін мониторингтеу
1. Уәкілетті орган, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы органдар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жылу энергетикасы объектілері мен жылу желілерінің жай-күйі туралы ақпаратты жинауды, жаңартып отыруды және жариялауды қоса алғанда, жылу энергетикасының жай-күйін ұдайы мониторингтеуді жүзеге асырады. 2. Жылу энергетикасының жай-күйін мониторингтеу жылу энергетикасының нақты және жоспарлы көрсеткіштерінің негізінде, оның ішінде жылу энергиясын өндіру, тасымалдау, өткізу және тұтыну секторлары бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
3. Жергілікті атқарушы органдар жылу энергиясымен қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге және оларға ақы төлеу мүмкіндігіне қатысты кемсітушілік тәсілді болғызбау мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жылу энергетикасының жай-күйін ұдайы мониторингтеуді жүзеге асырады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-тармақтың уәкілетті органның ақпараттық жүйесі енгізілгенге дейін қолданыста болатын редакцияны осы Заңның 53-бабының 2-тармағынан қараңыз.
4. Орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінде жұмыс істейтін жылумен жабдықтау субъектілері жылумен жабдықтаудың сапасы мен көлемі, жылу энергиясын тұтыну режимдері, жабдықтың, жылу желілерінің және қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын өзге де мүліктің жай-күйі, көрсетілген мүлікті жаңғырту, жөндеу, реконструкциялау, ауыстыру жөніндегі шаралар, энергия тиімділігін арттыру және жылу энергиясының ысырабын азайту жөніндегі шаралар, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану технологияларын ендіру жөніндегі шаралар туралы ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ақпаратты уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы береді.
5. Жылу энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждықтарға тұтынатын тұтынушылар уәкілетті орган бекіткен жылу энергетикасының жай-күйін мониторингтеу қағидаларына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға ақпарат береді.
6. Жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жылу энергетикасының жай-күйін мониторингтеу қағидаларына сәйкес орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі жылумен жабдықтау субъектілерінің халыққа осы баптың 4-тармағына сәйкес ақпаратты беруін талап етуге құқылы.
5-тарау. ЖЫЛУ ЭНЕРГЕТИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ТАРИФ БЕЛГІЛЕУ
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей