Ст. 48 Жылу энергетикасы туралы Заңы 2024 жылғы 8 шілдедегі № 120-VIII ҚРЗ
Жылу энергетикасы туралы
48-бап. Жылу энергетикасы саласындағы жобалар
1. Жылу энергетикасы объектілерін салу, реконструкциялау, жаңғырту, жабдықты орнату, жұмыс істеп тұрған немесе салынатын орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріне технологиялар ендіру жөніндегі жұмыстар жылу энергетикасы саласындағы жобалар болып табылады. ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақтың бірінші абзацының жылумен жабдықтауды дамыту схемалары бекітілгенге дейін қолданыста болатын редакцияны осы Заңның 53-бабының 4-тармағынан қараңыз.
2. Жылу энергетикасы саласындағы жобалар жылумен жабдықтауды дамыту схемаларына сәйкес келуге және мыналарды көздеуге тиіс:
1) отынды жылумен жабдықтау жүйесіне және жобаның іске асырылу орнына сәйкес пайдалану;
2) жылу энергиясын және (немесе) жылу жеткізгішті, оның ішінде энергиялық тиімді технологиялар мен жабдық, жаңартылатын энергия көздері және өзге де энергия көздері қолданылатын жылу энергиясының көздері негізінде өндіру, тасымалдау және тұтыну кезінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жылу энергиясының ысырабын азайту жөніндегі іс-шаралар және (немесе) технологиялар.
3. Жылу энергетикасы субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәсілдер мен әдістерден бөлек, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және энергия-сервистік көрсетілетін қызметтерді ұсыну арқылы инвестициялар тарта алады.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және энергия-сервистік көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы шарттар осы Заңның талаптарын, жылумен жабдықтауды дамыту схемаларын және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштерін ескере отырып, тараптардың теңгерімі мен мүдделерін қамтамасыз етуге тиіс.
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей