< Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы

Ст. 18 Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы


Утратил силу

Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы
18-бап. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы

1. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы өз қызметiн осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына және оның құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

2. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы:

1) қазақстандық ұйымдар мен кәсiпкерлерге озық технологияларды игеруде жәрдемдеседi;

2) кәсiпкерлердiң сыртқы экономикалық қызметiн дамытуға жәрдемдеседi, қазақстандық тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң дүниежүзiлiк нарыққа шығуы үшiн халықаралық маркетингтi және жарнамалық қолдауды жүзеге асырады;

2-1) тауардың шығарылуы туралы сертификат бланкiсiнiң түпнұсқасын және оның көшiрмелерiн дайындаумен байланысты шығыстарға ақы төлеудi қоспағанда, тауардың шығарылуы туралы сертификатты Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен ақысыз негiзде бередi;

2-2) тауардың шығарылуы туралы сертификаттың көшiрмесiн және техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен тiзбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттарды тауардың шығарылуы туралы сертификат берiлген күннен бастап кемiнде үш жыл сақтайды;

2-3) кем дегенде жылына бiр рет кеден iсi саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органға тауарлардың шығарылуы туралы сертификаттарды куәландыруға уәкiлеттi тұлғалардың мөрлерi бедерлерiнiң, қолдарының үлгiлерiн, сондай-ақ аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталарының мекенжайларын жiбередi;

2-4) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органға тауардың шығарылуы туралы берiлген сертификаттар бойынша ақпаратты тоқсан сайын табыс етедi;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сыртқы экономикалық қызмет мәселелерi бойынша ақпараттық, бағалау, брокерлiк, маркетингiлiк, жарнамалық, аудармашылық, сондай-ақ консалтингiлiк қызметтер көрсетедi;

4) экономика, сыртқы экономикалық байланыстар саласында, сондай-ақ кәсiпкерлердiң заңды мүдделерiн қозғайтын басқа да мәселелер бойынша нормативтiк-құқықтық актiлердiң жобаларына тәуелсiз сараптаманы жүзеге асырады;

4-1) тауардың шығарылған елiн айқындау жөнiндегi сараптаманы қоспағанда, тауарларға тәуелсiз сараптамаларды жүзеге асырады;

5) кәсiпкерлiк қызметтi және сауда-өнеркәсiп палатасының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мерзiмдi баспа басылымдарын шығаруды жүзеге асырады және интернет-ресурстар құрады;

6) қаржы-экономикалық жағдайы кәсiпкерлiк қызмет үшiн әрiптестер ретiнде өздерiнiң сенiмдiлiк деңгейiн айқындауға мүмкiндiк беретiн Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлерi мен заңды тұлғаларының, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың аталған тұлғалардың келiсiмi бойынша жасалған тiзiлiмiн жүргiзедi;

7) барлық елдердiң экспорт-импортты реттеу мәселелерi жөнiндегi заңнамасы, өткiзiлетiн жәрмеңкелер, көрмелер, халықаралық тауар айналымы және төлемдер, халықаралық сауда және iшкi шаруашылық қызметке байланысты басқа да мәселелердiң жайы туралы өз мүшелерiне ақпарат жинауды, талдауды және берудi жүзеге асырады;

8) өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғайды және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарында, соттарда және өзге де ұйымдарда олардың мүдделерiн бiлдiредi;

9) экономиканың әртүрлi салаларында кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсiби бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

10) көрмелер, жәрмеңкелер, семинарлар және конференциялар өткiзудi ұйымдастырады;

11) Қазақстан Республикасының сыртқы сауда мәмiлелерi мен халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес еңсерiлмейтiн күштiң мән-жайын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында танылған сауда және порт салт-дәстүрлерiн куәландырады;

12) экономикалық дауларды шешу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы жанынан аралық сот құрады;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған және өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келетiн өзге де қызметтi жүзеге асырады.

3. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасының өз құзыретi шегiнде берген құжаттары Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында танылады.

  Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2009.07.10. N 178-IV, 2009.07.11. N 184-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.  
Статья 1 ...16 17 18 18‑1 18‑2 ...25
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться