Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 18-1 Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы


Утратил силу

Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы
18-1-бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификат

1. Тауардың шығарылуы туралы сертификат Қазақстан Республикасында өндiрiлген және Қазақстан Республикасынан экспортталатын, Қазақстан Республикасынан керi экспортталатын тауарларға берiледi.

2. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы мынадай құжаттардың:

1) тауардың шығарылуы туралы сертификатты беру туралы жеке немесе заңды тұлғаның өтiнiшiнiң

2) тауардың шығарылуы туралы сараптама актiсiнiң

3) техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен тiзбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттардың негiзiнде бередi.

3. Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 94-бабында көзделген, Қазақстан Республикасында толық өндiрiлген тауарларға тауардың шығарылуы туралы сертификат осы баптың 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың негiзiнде берiледi.

4. Тауардың шығарылуы туралы сертификат үш дана етiп ресiмделедi. Сертификаттың түпнұсқасы мен бiр көшiрмесi өтiнiш иесiне берiледi, ал екiншi көшiрмесi тауардың шығарылуы туралы сертификатты берген аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасында сақталады.

Тауардың шығарылуы туралы сертификаттың қолданылу мерзiмi оның берiлген күнiнен бастап он екi айды құрайды.

5. Тауардың шығарылуы туралы сертификат, егер онда тазартылған, түзетiлген жерлерi, расталмаған түзетулерi болса, қажеттi қолдары және (немесе) мөрлерi болмаса, жарамсыз деп есептеледi.

6. Тауардың шығарылуы туралы сертификаттың ресiмделуi және куәландырылуы, тауардың шығарылуы туралы сараптама актiсiнiң жасалуы мен берiлуi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

7. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасының тауар туралы деректерi бұрмаланған және (немесе) дәйексiз болған тауардың шығарылуы туралы сертификатты беруiне тыйым салынады.

8. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы тиiстi түрде ресiмделген тауардың шығарылуы туралы сараптама актiсi және техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету уәкiлеттi орган бекiткен тiзбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттар табыс етiлген жағдайда тауардың шығарылуы туралы сертификатты беруден бас тартуға құқылы емес.

 Ескерту. 5-тарау 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.11 N 184-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  
Статья 1 ...17 18 18‑1 18‑2 19 ...25

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?


Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться