Ст. 17 Тауар биржалары туралы 2009 жылғы 4 мамырдағы N 155-IV
Тауар биржалары туралы
17-бап. Биржалық мәмiлелер бойынша клирингтік қызмет
1. Биржалық мәмiлелер бойынша клирингтік қызметті тауар биржасының клирингтік орталығы жүзеге асырады. 2. Тауар биржасы клирингтік қызмет көрсету туралы шарт жасасқан дербес клирингтік ұйым тауар биржасының клирингтік орталығы болып табылады. Бұл ретте шетелдік заңды тұлғаның тауар биржасына оның клирингтік орталығы функцияларын орындай отырып, клирингтік қызмет көрсетуіне жол берілмейді.
3. Алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Тауар биржасы клирингтік орталығының биржалық мәмілелер бойынша қызметі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
5. Тауар биржасының клирингтік орталықтарының өз қызметін жүзеге асыру үшін клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін және уәкілетті орган белгілеген талаптарға жауап беретін аппараттық-бағдарламалық кешені болуға тиіс.
6. Клирингтік қызмет жүзеге асырылатын биржалық мәмілелерге байланысты тауар биржасының клирингтiк орталықтары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жасасқан биржалық мәмілелер бойынша ақпарат жинауды және оны өңдеуді жүзеге асырады;
2) жасасқан биржалық мәмілелер шарттарының есебін және растауын жүргізеді;
3) биржалық мәмiлелер жасау нәтижесiнде жүзеге асырылатын есеп айырысуларға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен мiндеттемелерiнiң есебiн жүзеге асырады;
4) биржалық сауда-саттыққа қатысушылардың биржалық қамтылымын қабылдайды және оның есебін жүргізеді;
5) тараптардың биржалық мәмілелер бойынша талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындайды, олар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырады;
6) биржалық мәмілелердің орындалуына қолдау көрсетеді.
7. Биржалық мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
8. Осы баптың талаптары фьючерстiк және опциондық мәмiлелер жөніндегі клирингтік қызметке қолданылмайды, оларды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасымен реттеледі.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18-бап. Биржалық баға
1. Тауарға биржалық баға биржалық тауарлардың бағасын белгілеу нәтижесінде қалыптасады.
2. Тауар биржалары биржалық тауарларға баға белгiлеудi өз интернет-ресурстарында орналастырады.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5-тарау. БРОКЕРЛІК ЖӘНЕ ДИЛЕРЛІК ҚЫЗМЕТ. ТАУАР БИРЖАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯ
Лучшие юристы
Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей