Ст. 11 Трансферттiк баға белгiлеу туралы 2008 жылғы 5 шілдедегі N 67-IV
Трансферттiк баға белгiлеу туралы
11-бап. Тараптардың өзара байланыстылығын айқындау
Өздерінің арасындағы мәмілелердің (операциялардың) экономикалық нәтижелеріне ықпал ететін ерекше өзара қарым-қатынастары бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар өзара байланысты тараптар болып танылады. Мұндай ерекше өзара қарым-қатынастар мынадай:
1) бір тұлға басқа тұлғаның аффилиирленген тұлғасы болып танылған;
2) тұлға мәмілеге қатысушының ірі акционері, ірі қатысушысы (дауыс беретін акцияларының немесе қатысу үлестерінің он және одан да көп процентін иеленуші) болып табылатын;
3) мүлікті сенімгерлікпен басқаруды қоса алғанда, мәмілеге қатысушымен шарт арқылы өзара байланысты тұлға, мүлікті сенімгерлікпен басқаруға сәйкес сенімгерлікпен басқарушы қабылдайтын шешімді айқындауға құқылы болатын;
4) мүліктің меншік иесі осы мүлікке қатысты, оның ішінде мүлікті сенімгерлікпен басқаруға сәйкес меншік иесі осындай тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқылы болатын шарт негізінде, мүліктің меншік иесінің бір немесе бірнеше құқықтық өкілеттігі (иелену, пайдалану, билік ету) берілген тұлғамен өзара байланысты болатын;
5) тәуелсіз директорды қоспағанда, тұлға осы баптың 2), 3), 6) - 10) тармақшаларында аталған мәмілеге қатысушының немесе заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы болып табылатын;
6) заңды тұлғаны мәмілеге қатысушының ірі акционері, ірі қатысушысы немесе лауазымды тұлғасы болып табылатын тұлға бақылайтын;
7) мүлікте тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғаға қатысты мәмілеге қатысушының ірі акционері, ірі қатысушысы немесе лауазымды тұлғасы болып табылатын тұлға ірі акционер, ірі қатысушы болып табылатын;
8) мүлікте тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлғаға қатысты мәмілеге қатысушы ірі акционер, ірі қатысушы болып табылатын;
9) заңды тұлға мәмілеге қатысушымен бірлесіп, үшінші тұлғаның бақылауында болатын;
10) тұлға осы баптың 2), 3), 6)-9) тармақшаларында аталған мәмілеге қатысушының не заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларының немесе қатысу үлестерінің он және одан да көп процентін дербес немесе өзінің аффилиирленген тұлғаларымен бірлесіп иеленетін, пайдаланатын, оған билік ететін;
11) мәмілеге қатысушының тәуелсіз директорын қоспағанда, жеке тұлға ірі акционер, ірі қатысушы не лауазымды тұлға болып табылатын жеке тұлғаның жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы, асырап алушысы, асырап алғаны, аға-інісі, апа-қарындасы (сіңлісі), әжесі, атасы, немересі), сондай-ақ жекжаты (жұбайының (зайыбының) аға-інісі, апа-қарындасы (сіңлісі), ата-анасы, ұлы немесе қызы) болып табылатын;
12) егер бір ғана тұлға мүлікті сенімгерлікпен басқарудың екі шарты бойынша да сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы болса және өздері қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігі болса, екі сенімгерлікпен басқарушы өзара байланысты болатын;
13) егер сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының сенімгерлікпен басқарушы қабылдайтын шешімді айқындайтын мүмкіндігі болса, сенімгерлікпен басқарушы және онда сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы ірі акционер не ірі қатысушы (дауыс беретін акцияларының немесе қатысу үлестерінің он және одан да көп процентін иеленетін) болып табылатын ұйым болатын;
14) егер сенімгерлікпен басқарушы қабылдайтын шешімді айқындау мүмкіндігі бар бір ғана тұлға мүлікті сенімгерлікпен басқарудың екі шарты бойынша да сенімгерлікпен басқарудың құрылтайшысы болып табылса, мүлікті сенімгерлікпен басқарудың бір шарты бойынша сенімгерлікпен басқарушы және мүлікті сенімгерлікпен басқарудың екінші шарты бойынша пайда алушы өзара байланысты болып танылатын;
15) мәмілеге қатысушылар, уәкілетті органдардың бірінің деректері бойынша баға ауқымын ескере отырып, нарықтық бағадан ауытқуы болған мәміленің бағасын қолданатын шарттарды қамтиды.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.09 № 288-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей