< Трансферттiк баға белгiлеу туралы

Ст. 3 Трансферттiк баға белгiлеу туралы 2008 жылғы 5 шілдедегі N 67-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Трансферттiк баға белгiлеу туралы
3-бап. Трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру

1. Трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау (бұдан әрі - бақылау) мынадай:

1) халықаралық іскерлік операциялар бойынша жүзеге асырылады.

Бұл ретте осы тармақшаның мақсаттары үшін:

тауарлар экспорты – Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды әкету;

тауарлар импорты – Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу;

2) Қазақстан Республикасының аумағында:

тараптардың бірі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген, өткізілетін пайдалы қазбалар бойынша;

салықтар бойынша жеңілдіктері бар тараптардың бірімен;

мәмілелер жасасатын жылдың алдындағы соңғы екі салық кезеңі ішінде салық декларацияларының деректері бойынша залал шеккен тараптардың бірімен жасалатын халықаралық іскерлік операциялармен тікелей өзара байланысты мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.

2. Бақылау уәкілетті органдардың:

1) мәмілелер мониторингін;

2) тексерулер;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де рәсімдерді жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.

3. Осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын бақылау жүргізу кезінде уәкілетті органдардың өзара іс-қимылының тәртібін уәкілетті органдар айқындайды.

4. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тауар биржасында биржалық тауарлармен жасалған мәмілелер бойынша бақылау жүзеге асырылмайды.

Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.09 № 288-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 5 ...20
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться