< Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы

Ст. 5 Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 167-VІ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы
5-бап. Валюталық реттеу органдары

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында негізгі валюталық реттеу органы болып табылады. 

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі және мемлекеттік органдар валюталық реттеуді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. 

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Заңға сәйкес өз құзыреті шегінде резиденттер мен бейрезиденттердің орындауы үшін мiндеттi нормативтік құқықтық актілер шығарады. 

Мемлекеттік органдар әзірлеген валюталық реттеу мәселелері жөніндегі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісуге жатады. 

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi негізгі валюталық реттеу органы ретінде: 

1) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын; 

2) Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын; 

3) алып тасталды – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

4) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидаларын;  

5) шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидаларын; 

6) Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларын бекітеді. 

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі резиденттермен және бейрезиденттермен валюталық операциялардың барлық түрін шектеусіз жүзеге асырады. 

6. Валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептілік нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi уәкілетті мемлекеттік органдармен олардың құзыретіне сәйкес келісу бойынша айқындайды. 

7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді. 

Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...26
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться