< Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы

Ст. 38 Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы
38-бап. Келiсімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қойылатын талаптар

1. Келiсiмшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сай келуге:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуға;

2) қажетті жеке, моральдық жəне кəсіби қасиеттерге, білім деңгейіне ие болуға, денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды болуға;

3) курсанттарды, кадеттерді қоспағанда, он сегіз жастан кіші болмауға және әскери қызметте болудың шекті жасына толуға:

келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш рет кіретіндер үшін – он екі жыл және алты ай;

келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кіретіндер және қатардағы және кіші сержанттық құрамдардың әскери атақтары барлар үшін – он екі жыл және алты ай;

келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кіретіндер және кіші офицерлік және аға сержанттық құрамдардың әскери атақтары барлар үшін – он жыл;

келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кіретіндер және аға офицерлік немесе жоғары сержанттық құрамның әскери атақтары барлар үшін – бес жыл қалғанға дейін;

4) əйелдерді қоспағанда, мерзімді əскери қызметті өткеруге не əскери кафедрада оқудан немесе əскери-техникалық мамандарды даярлау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери даярлықтан өтеулі негізде өтуге тиіс.

Келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдар əскери қызмет өткеруге байланысты заңдармен белгіленген шектеулерді жəне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдайды, олар жазбаша нысанда тіркеледі.

2. Келiсiмшарт бойынша əскери қызметке:

1) сот əрекетке қабiлетсiз немесе əрекет қабілеті шектеулi деп таныған;

2) медициналық (әскери-дәрігерлік) комиссия келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге жарамсыз деп таныған;

3) сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырған;

4) əскери қызметшінің əскери қызметте болуына байланысты заңдарда белгіленген шектеулерді жəне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан;

5) алып тасталды – ҚР 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

7) əскери қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тəртібімен əкімшілік жаза қолданылған;

8) алып тасталды – ҚР 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
9) тізбесін уəкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдар үшін психологиялық-физиологиялық немесе полиграфологиялық зерттеуден не медициналық куəландырудан өтпеген;

10) қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шыққан немесе қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
11) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 03.01.2023 № 188-VII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11) мемлекеттік немесе əскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан жəне əділет органдарынан терiс уəждер бойынша шығарылған;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
11-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 03.01.2023 № 188-VII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
12) арнайы тексеруден өтпеген жəне (немесе) өзі не өзінің ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір жəне ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастары (сіңлілері) немесе зайыбы жəне оның ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір жəне ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) туралы көрінеу жалған мəліметтер хабарлаған;

13) уəкілетті органның басшысы бекіткен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған адам қабылданбайды.

14) алып тасталды – ҚР 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
15) алып тасталды – ҚР 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Əскери қызметке кіретін адамға қатысты арнайы тексеру жүргізiледi.

Тізбесін уəкілетті органның басшысы бекіткен лауазымдарға келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін адамдарға қатысты уəкілетті органның басшысы айқындаған тəртіппен психологиялық-физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізіледі.

3. Денсаулық жағдайына байланысты келісімшарт бойынша әскери қызметке жарамдылығын айқындау үшін Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландыру жүргізіледі.

4. Сондай-ақ мыналар:

1) осы баптың 2-тармағында көрсетілген мəліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау;

2) кандидаттың әскери-есептiк мамандығы бойынша бос лауазымдардың болмауы;

3) психикалық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулердің теріс нәтижелері келiсiмшарт бойынша әскери қызметке кiретiн адамнан бас тарту үшін негiздер болып табылады.

5. Келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін кезде азамат жəне оның зайыбы (жұбайы) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы мəліметтерді ұсынуға міндетті.

Ескерту. 38-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...36 37 38 39 39‑1 ...55
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться