< Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы Қазақстан Республикасының Кодексiн қолданысқа енгiзу туралы

Ст. 4 Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы Қазақстан Республикасының Кодексiн қолданысқа енгiзу ту 2010 жылғы 30 маусымдағы № 298-IV


Утратил силу

Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы Қазақстан Республикасының Кодексiн қолданысқа енгiзу туралы
4-бап. Кедендік операцияларды жасаудың ерекшеліктері туралы өтпелі ережелер

1. Кеден одағының кедендік аумағындағы кез келген кеден органына тауарлар декларацияларын беруге жол беретін, кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарты күшіне енгенге дейін:

өз заңнамасына сәйкес құрылған, тіркелген не аумағында тұрақты тұратын, тауарлардың декларанты болып табылатын тұлға кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органына тауарлар декларациясын береді;

кеден одағына мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері, өзге де ресми өкілдіктері және халықаралық ұйымдары аумағында өздері тұрған, кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органына тауарлар декларациясын береді.

2. «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексi қолданысқа енгізілетін күнге кедендік бақылауда уақытша сақтауда тұрған тауарларға осы тармақтың екінші бөлігі ескеріле отырып, «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексi 30-тарауының ережелері қолданылады.

«Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілетін күнге уақытша сақтауда тұрған тауарлардың уақытша сақталу мерзімі, бұл сақтау аумағында жүзеге асырылып отырған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы тауарлар уақытша сақтауға орналастырылған күннен бастап есептеледі.

3. «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілетін күнге кедендік бақылауда уақытша сақтауда тұрған тауарларға қатысты тауарлар декларациясы, бұл сақтау аумағында жүзеге асырылып отырған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы тауарлар уақытша сақтауға орналастырылған күннен бастап есептелетін уақытша сақталу мерзімі өткенге дейін кеден органына берілуге тиіс.

4. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін кеден органында кедендік декларациясы қабылданған (тіркелген) тауарлар кеден органы осы кедендік декларацияны қабылдаған (тіркеген) күнге кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттармен мәлімделген кедендік режимге орналастыруға жатады.

5. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін кеден органдарына алдын ала, уақытша, кезеңдік не толық емес кедендік декларациялар берілген тауарларға қатысты алдын ала, уақытша, кезеңдік не толық емес декларациялау рәсімдерінің қолданылуы кеден органы аталған декларацияларды тіркеген күнге Қазақстан Республикасының Кеден кодексінде белгіленген тәртіппен және шарттармен аяқталады.
Статья 1 2 3 4 5 6 ...12
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться