Ст. 4 Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы Қазақстан Республикасының Кодексiн қолданысқа енгiзу ту 2010 жылғы 30 маусымдағы № 298-IV
Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы Қазақстан Республикасының Кодексiн қолданысқа енгiзу туралы
4-бап. Кедендік операцияларды жасаудың ерекшеліктері туралы өтпелі ережелер
1. Кеден одағының кедендік аумағындағы кез келген кеден органына тауарлар декларацияларын беруге жол беретін, кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарты күшіне енгенге дейін:өз заңнамасына сәйкес құрылған, тіркелген не аумағында тұрақты тұратын, тауарлардың декларанты болып табылатын тұлға кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органына тауарлар декларациясын береді;
кеден одағына мүше мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері, өзге де ресми өкілдіктері және халықаралық ұйымдары аумағында өздері тұрған, кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органына тауарлар декларациясын береді.
2. «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексi қолданысқа енгізілетін күнге кедендік бақылауда уақытша сақтауда тұрған тауарларға осы тармақтың екінші бөлігі ескеріле отырып, «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексi 30-тарауының ережелері қолданылады.
«Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілетін күнге уақытша сақтауда тұрған тауарлардың уақытша сақталу мерзімі, бұл сақтау аумағында жүзеге асырылып отырған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы тауарлар уақытша сақтауға орналастырылған күннен бастап есептеледі.
3. «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi қолданысқа енгізілетін күнге кедендік бақылауда уақытша сақтауда тұрған тауарларға қатысты тауарлар декларациясы, бұл сақтау аумағында жүзеге асырылып отырған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы тауарлар уақытша сақтауға орналастырылған күннен бастап есептелетін уақытша сақталу мерзімі өткенге дейін кеден органына берілуге тиіс.
4. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін кеден органында кедендік декларациясы қабылданған (тіркелген) тауарлар кеден органы осы кедендік декларацияны қабылдаған (тіркеген) күнге кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттармен мәлімделген кедендік режимге орналастыруға жатады.
5. «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін кеден органдарына алдын ала, уақытша, кезеңдік не толық емес кедендік декларациялар берілген тауарларға қатысты алдын ала, уақытша, кезеңдік не толық емес декларациялау рәсімдерінің қолданылуы кеден органы аталған декларацияларды тіркеген күнге Қазақстан Республикасының Кеден кодексінде белгіленген тәртіппен және шарттармен аяқталады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Читать еще раз
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы 4-бап. Халықаралық шарттар мен келiсiмдер Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 32-бап. Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы 4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы Қазақстан Республикасының Кодексiн қолданысқа енгiзу туралы 5-бап. Кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдаудың ерекшеліктері туралы өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы Қазақстан Республикасының Кодексiн қолданысқа енгiзу туралы 7-бап. Көлiк құралдарына қатысты кедендiк операцияларды жасаудың ерекшелiктерi туралы өтпелi ер...Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей