< Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы

Ст. 19 Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 22.10.2026

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы
19-бап. Аудандық соттар төрағаларының, облыстық соттар төрағаларының, кассациялық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарау тәртібі

Ескерту. 19-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

1. Облыстық соттар төрағаларының, кассациялық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды Кеңес Жоғарғы Сот Төрағасының оларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысы қарағаннан кейін енгізген ұсынуы бойынша баламалы негізде қарайды. 

1-1. Аудандық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды Кеңес облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы сайлаған және тиісті қорытынды алған адамдардың қатарынан қарайды. 

2. Аудандық соттардың төрағалары лауазымдарына кандидатуралар жұмыс істеп жүрген судьялар болуға немесе олардың судья лауазымында кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуға тиіс. 

Облыстық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, облыстық соттың судьялары немесе судья лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады. 

Кассациялық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, кассациялық соттың судьялары немесе судья лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады. 

Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары лауазымына кандидатуралар Жоғарғы Соттың судьялары арасынан ұсынылады. 

Бұл ретте аудандық соттың төрағасы, облыстық соттың төрағасы, кассациялық соттың төрағасы, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары лауазымына кандидаттарды іріктеу кезінде кадр резервінде тұрған және ұйымдастырушылық қабілеті бар адамдарға басымдық беріледі. 

3. Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуына тиісті соттың жалпы отырысында баламалы негізде қаралған барлық кандидаттардың материалдары қоса беріледі. 

3-1. Аудандық сот төрағасының лауазымына бос орынды жариялау туралы шешімді аудандық соттар төрағалары өкілеттіктерінің мерзімі ескеріліп, Кеңес хатшысының ұсынысы бойынша Кеңес Төрағасы қабылдайды. 

Бос орын туралы хабарландыру Кеңес регламентінде белгіленген мерзімдерде Кеңестің интернет-ресурсында жарияланады. 

3-2. Кеңес аудандық сот төрағасының бос лауазымына өз кандидатурасын өзі дербес ұсынған кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. 

Мұндай тексеруді жүргізу тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады. 

3-3. Кеңестің кадрлық резервте тұрған адамдар және (немесе) өз кандидатурасын өзі дербес ұсынған адамдар қатарынан облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысына кандидаттарды енгізу тәртібі, аудандық соттың төрағасы лауазымына облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысында сайланған кандидаттарды іріктеу тәртібі, сондай-ақ кандидат лауазымға тағайындаудан бас тартқан жағдайларда, Кеңестің ұсынымдарын қайта қарау тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады. 

3-4. Кандидат аудандық соттың төрағасы лауазымына тағайындаудан бас тартқан жағдайда, Кеңестің осындай кандидатқа қатысты бос судья лауазымына тағайындау туралы ұсынымының күші жойылады және: 

1) аудандық сот төрағасының бос лауазымы кеңейтілген жалпы отырыста сайланған өзге кандидаттарға ұсынылуы мүмкін; 

2) қайта іріктеу жариялануы мүмкін. 

4. Кеңес отырыста аудандық соттар төрағаларының, облыстық соттар төрағаларының, кассациялық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына сайланған немесе ұсынылған барлық кандидатураларды міндетті түрде қарайды. 

Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.02.2019 № 227-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...26
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует



Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.



Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.



Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?



Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться