Ст. 33-2 Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы
33-2-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) уәкілетті орган және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері туралы ақпаратты орналастыру жөніндегі міндеттері
1. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін), сондай-ақ тұтынушының өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін оларға немесе сотқа жүгіну құқығы туралы ақпаратты орналастыруға міндетті. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі (қатысушысы) болған жағдайда, бұл туралы ақпарат тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында міндетті түрде орналастырылуға тиіс.
2. Электрондық коммерция арқылы тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректері (мекенжайы мен телефон нөмірлері) туралы ақпаратты уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына сілтеме арқылы, сондай-ақ тұтынушының өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін оларға немесе сотқа жүгіну құқығын көрсету ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы орналастырылуға тиіс.
Сатушы (дайындаушы, орындаушы) пайдаланатын интернет-ресурста оның байланыс деректері (нақты мекенжайы мен телефон нөмірлері) туралы ақпараттың орналастырылуы міндетті.
Ескерту. 4-тарау 33-2-баппен толықтырылды - ҚР 25.06.2020 № 346-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5-тарау. ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ (ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ)
Лучшие юристы
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей