Ст. 10 Өсiмдiктердi қорғау туралы 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331
Өсiмдiктердi қорғау туралы
10-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар
1. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі мынадай қызмет түрлерін орындау мақсатында құрады: 1) зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер қоныстанған орындарды анықтау бойынша фитосанитариялық мониторинг жүргізу;
2) зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер таралуының фитосанитариялық болжамын жасау және уәкілетті органның ведомствосына беру;
3) тіркеуге ұсынылатын пестицидтерді өндірістік жағдайларда байқаудан өткізу үшін оларды тіркеу (өндірістік) сынақтарынан өткізу;
4) ауыл шаруашылығы өнімін пестицидтердің қалдық мөлшерінің бар-жоғы тұрғысынан талдау және сараптама жасау;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар фитосанитариялық есепке алуды жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкілетті органның ведомствосына есептiлiктi табыс етедi.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 № 584, 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-тарау. ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР
Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Лучшие юристы




Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей