Ст. 121 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
121-бап. Жедел медициналық жәрдем
1. Жедел медициналық жәрдем - өмірге қатер төндіретін жіті аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ оқиға орнында және (немесе) медициналық ұйымға бару жолында денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау үшін шұғыл және кезек күттірмейтін нысандағы медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесі. 2. Медициналық авиацияны тарта отырып, жедел медициналық жәрдем:
1) пациент тұрған жердегі медициналық ұйымда медициналық бұйымдардың және (немесе) тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауынан медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде;
2) медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі мамандарды межелі жерге жеткізу қажет болған кезде;
3) пациент тұрған жердегі медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған және тиімсіз болған кезде науқасты медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі медициналық ұйымдарға тасымалдау үшін;
4) кейіннен трансплантаттау үшін ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) тиісті медициналық ұйымға тасымалдау үшін көрсетіледі.
3. Медициналық авиация:
1) ауыр жағдайдағы пациентті шетелдік клиникалардан отандық клиникаларға жеткізу;
2) медициналық сүйемелдеуге мұқтаж пациентті емдеуді жалғастыру үшін медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлеріндегі медициналық ұйымдардан тұрғылықты жеріндегі медициналық ұйымдарға жеткізу жағдайларында пайдаланылуы мүмкін.
4. Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
5. Жедел медициналық жәрдем көрсетудің қолжетімділігі мен уақтылығын қамтамасыз етуді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жүзеге асырады.
Лучшие юристы




если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей