< ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы

Ст. 45 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
45-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылаудың түрлері

Ескерту. 45-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Камералдық бақылау сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы, өнімге сынау жүргізуге, оның сәйкестігін растауға немесе өнімнің сәйкестігі туралы декларацияны тіркеуге, сәйкестікті растау нәтижелерін тануға жүгінген өтініш берушілер туралы, сынақ нәтижелері туралы, сондай-ақ кеден органдары, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға ұсынатын, өнім сәйкестігінің дәлелдемелері ретінде ұсынылған өзге де құжаттарда қамтылған мәліметтерді зерделеу мен талдау негізінде жүзеге асырылады. 

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, сәйкестікті растау жөніндегі органдар, сынақ зертханалары (орталықтары), өнімнің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін декларациялайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері камералдық бақылау объектілері болып табылады. 

Камералдық бақылауды жүзеге асыруға қажетті мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ оларды кеден органдарының, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) ұсыну тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды. 

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, олар әкелетін өнім және әкелінетін өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі құжаттар туралы мәліметтерді кеден органдары ұсынады. 

Өнімге сынақ жүргізуге, оның сәйкестігін растауға немесе өнімнің сәйкестігі туралы декларацияны тіркеуге, сәйкестікті растау нәтижелерін тануға жүгінген өтініш берушілер туралы, сынақ нәтижелері туралы, сондай-ақ өнім сәйкестігінің дәлелдемелері ретінде ұсынылған өзге де құжаттарда қамтылған мәліметтерді техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган, сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сынақ зертханалары (орталықтары) ұсынады. 

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтердің және (немесе) техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылық анықталған кезде, оның ішінде әкелінген өнім мен әкелінген өнімге сәйкестікті растау жөнінде берілген, тіркелген, танылған құжаттар арасындағы мәліметтерді салыстырып талдау негізінде камералдық бақылау субъектілеріне қатысты мынадай шараларды қабылдайды: 

1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың және Қазақстан Республикасының аумағына өнімді әкелумен және (немесе) өткізумен айналысатын, өнімнің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін декларациялайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықты жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, оны жою туралы нұсқама жібереді; 

2) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның атына Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылық фактілерін көрсете отырып, ақпарат жібереді. 

2. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелерінің мониторингі: 

1) жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы берілген ақпаратқа; 

2) объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы ұсынылған аудиторлық қорытындыларға жүргізіледі. 

Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелерінің мониторингі шеңберінде объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы аудиторлық қорытындының толық толтырылуына талдау жүргізіледі. 

Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелерінің мониторингі жарты жылда бір рет жүргізіледі. 

3. Өндірістік бақылау нәтижелерінің мониторингі эпидемиялық мәні бар объектілерде жүргізілген өндірістік бақылау нәтижелері туралы және тексерулердің, бару арқылы профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілетін мәліметтерге негізделеді. 

Субъект (объект) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өндірістік бақылау нәтижелері бойынша ішкі есепке алуды жүргізеді, мерзімдік есептерді қалыптастырады және ұсынады. 

Өндірістік бақылау нәтижелерінің мониторингі жарты жылда бір рет жүргізіледі. 

4. Хабарламалар мониторингі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен хабарламаларды, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардың келіп түскен жолданымдарын, тексерулердің және профилактикалық бақылаудың нәтижелерін талдау негізінде жүргізіледі. 

Хабарламалар мониторингі жарты жылда кемінде бір рет жүргізіледі. 

5. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасының жай-күйін байқаудың, оларды талдаудың, бағалау мен болжаудың, сондай-ақ халықтың денсаулық жағдайы мен мекендеу ортасы факторларының әсер етуі арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды айқындаудың мемлекеттік жүйесі болып табылады. 

Талдау, бағалау мен болжау - инфекциялық және паразиттік ауруларды қоздырғыштардың немесе таратушылардың ену және таралу ықтималдығын, сондай-ақ қоршаған орта факторларының халықтың денсаулық жағлайына жағымсыз әсерін және осыған байланысты ықтимал медициналық-биологиялық және экономикалық салдарларды негіздеп бағалау. 

Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде сыртқы орта объектілерінде (су, топырақ, атмосфералық ауа) сынамаларды іріктеу тоқсанына кемінде бір рет жүргізіледі. 

Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.05.2022 № 123-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

45-1-баппен толықтыру көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...43 44 45 46 47 ...276
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться