Ст. 44 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
44-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау
1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау ақпараттық жүйелерден алынған деректерді, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтерді камералдық бақылау және мониторингтеу арқылы оларды талдау және салыстыру негізінде жүргізіледі. 2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылаудың мақсаттары:
1) бұзушылықтарды уақтылы анықтау, олардың жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) беру;
2) оларға әкімшілік жүктемені азайту;
3) өнім мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігінің нысаналы көрсеткіштеріне, қоршаған ортаның сапасына қатысты және өнімге, көрсетілетін қызметтерге және қоршаған ортаға ықтимал әсер ететін өндірістік процестерді реттеу құралдарына қатысты шешімдер қабылдау үшін мекендеу ортасының адамның денсаулығына әсері туралы анық ақпаратты алу;
4) уланулардың туындауы мен инфекциялық аурулар, кәсіптік аурулар тұтануының алдын алу бойынша орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау, олардың туындауын болжау мүмкіндігі;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
6) штаттан тыс ахуалдарға жедел алдын ала отырып ден қою;
7) басшылар мен жұмыскерлердің санитариялық-гигиеналық хабардар болуы мен жауапкершілігінің неғұрлым жоғары деңгейін қалыптастыру;
8) жұртшылыққа қоғамдық денсаулықты сақтау жөніндегі субъектілердің (объектілердің) қызметі және халықтың денсаулығы үшін тәуекелдер туралы хабар беру болып табылады.
3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
4. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, камералдық бақылауды қоспағанда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным ресімделеді. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымның нысанын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.
5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бұзушылықтар анықталған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) мынадай тәсілдердің бірімен:
1) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберіледі;
2) бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) өкіліне немесе лауазымды адамына қолын қойғызып табыс етіледі;
3) "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне электрондық тәсілмен жіберіледі.
6. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген, анықталған бұзушылықтарды ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тиісінше жою бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) ұсынымды орындауы деп танылады.
6-1. Бақылау мен қадағалау субъектісі осы баптың 6-тармағында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап үш жұмыс күні өткен соң анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
7. Бақылау субъектісі (объектісі) анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға қарсылық жіберуге құқылы.
8. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау және анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбау бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) іріктеуге негіз болып табылады.
9. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелерінің бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды арнаулы тіркеу журналында есепке алуына жатады, ол нөмірленуге, тігілуге және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекемделуге тиіс.
10. Мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы өнімнің (тауарлардың) жарнамасы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы профилактикалық бақылау "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей