< Темiр жол көлiгi туралы

Ст. 14 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Темiр жол көлiгi туралы
14-бап. Темiржол көлiгiндегi мемлекеттiк басқару

1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң темiржол көлiгi саласындағы құзыретiне:

1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) Ұлттық темiржол компаниясының мәртебесiн белгiлеу;

3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
10) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
11) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
12) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
13) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
14) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
15) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жолаушылар қатынасына тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;

15-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
16) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
17) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
18) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
19) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
20) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
21) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
22) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
22-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
22-2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
22-3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
22-4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
23) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.

2. Уәкілетті органның құзыретіне:

1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2-1) ерекше маңызды тасымалдарды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

2-2) Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) багажды, жүкті және жүк-багажды тасымалдауды шектеу туралы, әкелуге, әкетуге, олардың транзитіне тыйым салу туралы шешімдер қабылдау;

3) магистральдық темiржол желiсiнiң жұмыс iстеуi үшiн технологиялық қажеттi станция жолдарының, электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектiлерiнiң, құрылғылардың, жабдықтардың, үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың және өзге де объектiлердiң тiзбесiн табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсу бойынша бекiту;

4) Тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидасын бекіту;

5) темiржол көлiгiнiң жұмыс iстеу, оларды бұзушылықты анықтау мен жолын кесу жөнiнде шаралар қабылдау тәртiбiн айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын мемлекеттiк бақылау;

6) жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу тәртiбiн әзірлеу;

7) тасымалдауды ұйымдастыруға және (немесе) тасымалдауға байланысты қызметтердi орындауға жасалған шарттар бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз ету тәртiбi мен шараларын белгiлеу;

8) қозғалыс қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғаудың белгiленген талаптарына жай-күйi сай келмейтiн магистральдық темiржол желiсiнiң, темiржолдар мен жылжымалы құрамның объектiлерiн пайдалануды тоқтата тұру және тоқтату;

9) темiржол көлiгiмен тасымалдау кезiнде әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң тiзбесiн бекiту;

10) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

11) алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
12) темiржол көлiгi қызметкерлерiн кәсiби үздік белгiсiмен марапаттау тәртiбiн бекiту;

13) қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарының бұзылуы туралы статистикалық ақпарат қалыптастыру;

14) өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы мәселелердi қарау;

15) теміржол көлігінде сигнализация жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

16) экспедиторлар қызметiн ұсыну тәртiбiн айқындау;

17) вагондар (контейнерлер) операторлары ұсынатын қызметтер тәртiбiн айқындау;

18) локомотивтік тартқыш қызметтерін көрсету тәртiбiн айқындау;

19) теміржолдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту;

19-1) магистральдық, станциялық жолдарды және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілерін магистральдық, станциялық жолдар және магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық тұрғыдан қажетті өзге де объектілер тізбесіне енгізу және одан алып тастау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

20) магистральдық темiржол желiсiнде көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсу бойынша бекiту;

21) кiрме жолдарда көрсетiлетiн қызметтерге кiретiн операциялардың тiзбесiн табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органмен келiсу бойынша бекiту;

22) жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды сыныптау тізбесін бекіту;

23) поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

24) жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімдерін ұзарту қағидаларын бекіту;

25) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
26) Қорғау аймақтары жерiнiң көлемiн, оларды пайдалану режимiн айқындау және бөлiнген белдеуде темiржол көлiгiнiң қажетi үшiн жердi пайдалану жөнiндегi қағиданы бекiту;

26-1) Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту;

27) теміржол өткелдерін техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту;

28) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар темiржол көлiгiндегі мемлекеттiк бақылау қызметкерлерi лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және айырым белгілерін бекіту;

29) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, жүктерді тасымалдау туралы және тасымалдау кезінде жылжымалы құрамды пайдалану туралы есептілікті есепке алуды жүргізу мен беру тәртібін бекіту;

30) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
31) Қазақстан Республикасының аумағында теміржол көлігіндегі апаттарды, аварияларды тергеп-тексеру;

31-1) Қазақстан Республикасының аумағында жолаушылар поезында жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне алып келген теміржол көлігіндегі оқиғаларды тергеп-тексеру;

32) поездар қозғалысына байланысты қызметтік терминдерді бекіту;

33) жолаушы поездарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүруінің тәртібі мен шарттарын айқындау;

33-1) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

33-2) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

34) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
34-1) теміржол көлігіндегі табиғи монополия субъектілерінің шикізат пен материалдар, қосалқы бөлшектер, жабдықтар, отын, энергия шығыстарының, техникалық ысыраптарының техникалық және технологиялық үлгілік нормаларын бекіту;

34-2) теміржол вокзалдарының тізбесін олардың класына сәйкес бекіту;

34-3) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша темiржол көлiгiндегі мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiн нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту;

34-4) темiржол көлiгiмен жүктердi тасымалдау кезiнде әскерилендiрiлген күзетті қамтамасыз ету тәртiбiн айқындау;

34-5) әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау;

34-6) арнаулы тасымалдауларды жүзеге асыру тәртібін айқындау;

34-7) магистральдық темiржол желiсiне кiретiн магистральдық жолдардың тiзбесiн бекiту;

34-8) жеке және заңды тұлғалар қаражаты есебінен салынған объектілерді магистральдық теміржол желісі құрамына беру қағидаларын бекіту;

34-9) жолаушыларды облысаралық және халықаралық қатынастарда тасымалдауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту;

34-10) магистральдық темiржол желiсiн пайдалану қағидаларын бекiту;

34-11) темiржол көлiгiндегi қауiпсiздiк қағидаларын бекiту;

34-12) теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту;

34-13) теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;

34-14) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
34-15) жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту;

34-16) жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру кезінде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қол жеткізу және технологиялық өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;

34-17) темiржол көлiгiнiң қауiптiлiгi жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы және объектiлерді орналастыру, оларда жұмыс жүргiзу, темiржолдар арқылы жүріп өту және өту қағидаларын бекiту;

34-18) шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

34-19) әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

34-20) теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту;

34-21) теміржол вокзалдарының класын айқындау әдістемесін бекіту;

34-22) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

34-23) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

34-24) темiржол көлiгiндегi техникалық реттеу объектiлерiнің және оның тiршілiк циклiнiң процестерiнің техникалық регламенттерін бекiту;

34-25) тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Ұлттық теміржол компаниясы мен тасымалдаушылардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;

34-26) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;

34-27) вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

34-28) вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;

34-29) вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақының мөлшерлемелерін субсидиялау;

34-30) Мемлекеттік жылжымалы состав тізілімін жүргізу;

34-31) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;

34-32) қауіпсіздік сертификатын беру;

34-33) жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту;

34-34) теміржол көлігіндегі жол жүрісі қауіпсіздігін бұзушылықтарды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту;

34-35) қауіпсіздік сертификатының нысанын бекіту;

34-36) кiрме жолдар мен жанасу станциялары жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін әзірлеу қағидаларын бекіту;

34-37) тасымалдаушы мен экспедитор арасындағы жүктерді теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру туралы үлгілік шарттарды бекіту;

34-38) жасанды құрылысжайларды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту;

34-39) жылжымалы құрамды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту;

34-40) магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

34-41) магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;

34-42) теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

34-43) теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;

34-44) теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;

35) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындау жатады.

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкілді органдарының темiржол көлiгi саласындағы құзыретiне:

1) әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту;

2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының темiржол көлiгi саласындағы құзыретiне:

1) ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасын ұйымдастыру туралы шешімдерді тасымалдаушы қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, осындай шешім қабылдау;

2) төтенше жағдайлар туындаған кезде тасымалды уақытша тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

3) әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау;

4) ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарды айқындау;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асыру жатады.

Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 494-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 295-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді); 27.12.2019 № 290-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...12 13 14 15 15‑1 ...97
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться