< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Ст. 434 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
434-бап. Ұсақ бұзақылық

1. Қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу және айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер – 

жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бестен он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді. 

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – 

он бестен отыз тәулікке дейінгі мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді. 

3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабының екіншi бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер – 

жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Ғимараттарды, өзге де құрылысжайларды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау – 

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бестен жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. 

5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – 

жиырмадан отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді. 

6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекет – 

алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 

Ескерту. 434-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 187-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 112-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...432 433 434 434‑1 434‑2 ...920
Добавить комментарий
Комментарии пользователей

Добрый день. Подезьде дети должныи играть,Приглашат гости.Я соседем ругался подезьд не для детеи играть это общественный место. УЧАСКОВЫИ ТОЖЕ ПО ЗАКОНАМ НЕ ЧЕГО НЕ СМОЖЕТ ГОВОРЯТЬ.

0   0




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться