< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Ст. 691 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
691-бап. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган

1. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 230 (екiншi бөлiгiнде) (темiржол көлiгiмен, теңiз және iшкi су көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 464, 564 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 565, 580, 581 (бірінші бөлігінде), 582, 583, 633, 634-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды. 

Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы. 

2. Көліктік бақылау органдары осы Кодекстің 464, 559 (екінші, үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде), 561, 571, 571-1, 572, 573, 575, 577, 578, 579, 580, 581, 582, 583, 584, 585, 586, 587, 588, 590 (сегізінші бөлігінде), 616, 618, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 623, 624-1, 625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 627, 628-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды. 

Көліктік бақылау органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мыналар құқылы: 

1) осы Кодекстiң көліктік бақылау органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған барлық бабы бойынша – көліктік бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көліктік бақылау органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары; 

2) осы Кодекстің 464 (бірінші бөлігінде), 561, 571 (екінші, 2-1, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 571-1 (бірінші бөлігінде), 572, 573, 582, 583, 584, 585, 586, 587, 588, 616 (бірінші бөлігінде), 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 623, 625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 627-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша – көліктік бақылау органдарының осыған уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдары. 

Осы баптың екінші бөлігінің төртінші абзацында көрсетілген лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшерлері жиырма айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс. 

3. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 164, 166, 167, 230 (екінші бөлігінде) (әуе көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 250, 563 (бірінші бөлігінде), 564 (бiрiншi, үшiншi, төртiншi бөлiктерiнде (азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған) және бесінші бөлiгiнде көзделген бұзушылықтар туралы iстердi қоспағанда), 565, 565-1, 565-2, 567, 568, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 570, 571 (бiрiншi бөлiгiнде), 589 (әуе көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 626-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды. 

Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мыналар құқылы: 

1) осы Кодекстiң азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған барлық бабы бойынша – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары; 

2) осы Кодекстiң 564 (бiрiншi, үшiншi, төртiншi бөлiктерiнде (азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған) және бесінші бөлiгiнде көзделген бұзушылықтар туралы iстердi қоспағанда), 565, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 589 (әуе көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары. 

Ескерту. 691-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 137-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...690 690‑1 691 692 692‑1 ...920
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?



Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін



көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?



Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.



5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться