< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Ст. 874-1 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
874-1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу шарттары мен тәртібі

1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге өз өкiлеттiгі мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келiсімінсiз күштеп әкелуді, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға болмайды. 

2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді сот тәртібімен әкімшілік жаза қолдануға алып келетін әкімшілік жауаптылыққа тартуға, күштеп әкелуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсыну енгізеді. Ұсыну әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі сотқа жіберер алдында, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткізу қажеттігі туралы мәселені шешер алдында енгізіледі. 

3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Парламент Сенатының шешімін алғаннан кейін іс бойынша одан әрі іс жүргізу осы Кодекстің 819-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 

4. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты сот тәртібімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараудың заңдылығын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады. 

Ескерту. 874-1-баппен толықтырылды – ҚР 29.12.2021 № 92-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 05.11.2022 № 158-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...873 874 874‑1 875 876 ...920
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться