< Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы

Ст. 9-3 Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107


Утратил силу

Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы
9-3-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру

1. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің негізгі мақсаттары:  

1) бәсекелес ортаны дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу; 

2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асырудың тиімділігі мен сапасын арттыру; 

3) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру; 

4) оңтайландыру болып табылады.  

2. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің негізгі қағидаттары: 

1) азаматтардың, бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттің мүдделері теңгерімін сақтау; 

2) азаматтардың, бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету; 

3) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің негізділігі мен тиімділігі; 

4) бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттің орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылығы; 

5) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөніндегі процестердің үздіксіздігі мен тұтастығы, сондай-ақ онымен байланысты оңтайландыру болып табылады. 

3. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімдері негізінде осы Заңға сәйкес жыл сайынғы негізде жүзеге асырылады.  

4. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру: 

1) аутсорсинг; 

2) мемлекеттік тапсырма; 

3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс; 

4) пайдаланушылар есебінен беру; 

5) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу арқылы жүзеге асырылады. 

5. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың аутсорсингті, мемлекеттік тапсырманы және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру арқылы берілетін функциялары ішінара берілуге жатады. 

6. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларын іріктеу орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады. 

7. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеудің негізгі өлшемшарттары: 

1) халықтың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асырудың тиімділігі мен сапасын арттыру мүмкіндігі; 

2) нарықтың дайын болуы немесе бәсекелес ортаның болуы; 

3) нарықты дамытудың әлеуетті мүмкіндігі болып табылады. 

8. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың конституциялық құрылысты қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қамтамасыз етуге, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғауға және қамтамасыз етуге бағытталған, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру жөніндегі, сондай-ақ ұлттық, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, қорғаныс, көші-қон, мемлекеттік статистика салаларындағы функцияларын және берілуі мемлекеттің мүдделеріне залал келтіруі мүмкін өзге де функцияларды бәсекелес ортаға беруге тыйым салынады. 

9. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары іріктелгеннен кейін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциясының құнын айқындау әдістемесіне сәйкес орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функциясының құнын есептеу жүзеге асырылады. 

10. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру кезінде оңтайландыру тұрғысынан есептеме жүргізіледі. 

11. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларын жүзеге асыру үшін нарықтың дайын болуын талдау орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі. 

12. Мониторинг осы Заңның 9-9-бабына сәйкес жүргізіледі. 

13. Пайдаланушыларға және бәсекелес ортаға ақпарат беру мақсатында мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының интернет-ресурстарында мынадай мәліметтер: 

1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функцияларының тізбесі;  

2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының, олардың қандай нормативтік құқықтық актімен берілгені көрсетілген тізілімі; 

3) Комиссияның шешімі, мониторинг нәтижелері және мониторинг қорытындылары бойынша орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне қайтарылған орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының, олардың қандай нормативтік құқықтық актімен қайтарылғаны көрсетілген тізбесі орналастырылады және кейіннен жаңартылып отырады. 

Ескерту. 3-тарау 9-3-баппен толықтырылды - ҚР 19.04.2019 № 250-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...9‑1 9‑2 9‑3 9‑4 9‑5 ...25
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться