Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107


Утратил силу

Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

1. Әкiмшiлiк рәсiмдер деп: 

1) мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың мемлекеттiк функциялар мен лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыру кезiнде шешiмдер қабылдау мен орындау тәртiбi және оларды ресiмдеу, оның ішінде электрондық нысанда ресімдеу; 

2) мемлекеттiк аппараттың жұмысын ұйымдастыру рәсiмi; 

3) азаматтардың өз құқықтарын iске асыру жөнiндегi өтiніштерiн қарау рәсiмдерi, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн әкiмшiлiк қорғау рәсiмдерi; 

4) экономика саласындағы шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң негiзгi бастаулары ұғынылады. 

1-1. Қызметтік ақпарат деп меншік иесі, иеленушісі немесе пайдаланушысы мемлекет болып табылатын, мемлекеттік функцияларды орындау кезінде жасалатын, өңделетін және берілетін ақпарат түсініледі. 

2. Мемлекеттiк органдар деп мемлекет атынан Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актiлер арқылы: 

1) жалпыға бiрдей мiндетті мiнез-құлық ережелерiн белгілейтiн актiлер шығару; 

2) әлеуметтiк мәнi бар қоғамдық қатынастарды басқару мен реттеп отыру; 

3) мемлекет белгiлеген жалпыға бiрдей мiндеттi мiнез-құлық ережелерiнiң сақталуына бақылау жасау жөнiндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттік берiлген мемлекеттiк мекемелер ұғынылады. 

2-1. Мемлекеттiк органның құзыретi деп мемлекеттiк орган қызметiнiң нысанасын айқындайтын оның белгiленген өкiлеттiктерiнiң жиынтығы ұғынылады;  

мемлекеттiк органның өкiлеттiктерi деп мемлекеттiк органның құқықтары мен мiндеттерi ұғынылады;  

мемлекеттiк органның құқықтары деп белгiлi бiр iс-әрекеттi жасау, басқа тұлғадан (басқа тұлғалардан) белгiлi бiр мiнез-құлықты (ic-әрекеттi немесе iс-әрекет жасаудан тартынуды) талап ету мүмкiндiгi ұғынылады;  

мемлекеттiк органның мiндеттемелерi деп мемлекеттiк орган орындауға мiндеттi iс-әрекет шеңберi ұғынылады;  

мемлекеттiк органның мiндеттерi деп мемлекеттiк орган қызметiнiң негiзгi бағыттары ұғынылады;  

мемлекеттiк органның функциялары деп мемлекеттiк органның қызметтi өз құзыреті шегiнде жүзеге асыруы ұғынылады. 

Мемлекеттік органның құзыреті, өкілеттігі, функциялары мен міндеттері Конституцияда, заңдарда және Президент, Үкімет, өзінен жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді. 

2-2. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

2-3. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

2-4. Алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 

2-5. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

2-6. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

2-7. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

2-8. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

2-9. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

2-10. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

2-11. Мәліметтер нысаны - мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келетіні туралы ақпаратты қамтитын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген электрондық немесе өзге де нысандағы құжат. 

2-12. Ішкі бақылау – мемлекеттік орган өз құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, лауазымды адамдардың мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауына жүзеге асыратын бақылау. 

2-13. Бәсекелес орта деп квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, нарық субъектілері түсініледі. 

2-14. Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган деп орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган түсініледі. 

2-15. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар (бұдан әрі – орындаушылар) деп орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдар түсініледі.  

2-16. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын пайдаланушылар (бұдан әрі – пайдаланушылар) деп жеке және заңды тұлғалар түсініледі. 

2-17. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингі (бұдан әрі – аутсорсинг) деп орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын шарттар жасасу арқылы жүзеге асыру үшін оларды бәсекелес ортаға беру түсініледі. 

2-18. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың берілген функцияларының мониторингі (бұдан әрі – мониторинг) деп орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын жүзеге асыру жөніндегі деректерді жүйелі түрде және үздіксіз жинауға, өңдеуге, талдауға және бағалауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы түсініледі. 

2-19. Мүдделі тұлғалар деп құқықтары мен міндеттері осы Заңда қозғалатын және орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың пікірі бойынша олардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша жәрдем көрсете алатын кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдар түсініледі. 

2-20. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын толық беру деп орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыретінен функцияларды алып тастау және олардың жүзеге асырылуын міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу арқылы немесе пайдаланушылар есебінен бәсекелес ортаға беру түсініледі. 

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын ішінара беру деп орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын аутсорсинг, мемлекеттік тапсырма және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асыру түсініледі. Бұл ретте, функция орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың құзыретінен алып тасталмайды. 

2-21. Оңтайландыру деп орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың штат санын қысқартуға, шығыстарын қысқартуға және (немесе) қайта бөлуге бағытталған, оның ішінде функцияларын бәсекелес ортаға беруге байланысты шаралар кешені түсініледі. 

3. Лауазымды адамдар деп осы Заңда мемлекеттiк функцияларды (өкiмет өкiлiнiң функцияларын) тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiмдiк немесе әкiмшілiк-шаруашылық функцияларын орындайтын адамдар ұғынылады. 

Конституцияның, заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына байланысты лауазымды адамдар өздерiне жүктелген функцияларды:  

1) жеке-дара өкiм жүргiзу тәртiбiмен мемлекеттiң нақты лауазымды адамының атынан; 

2) нақты мемлекеттiк органда шешiмдер қабылдаудың заңдарда көзделген тәртiбiне байланысты жеке-дара өкiм жүргiзу тәртiбiмен не алқалық тәртiппен нақты мемлекеттiк органның және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң атынан жүзеге асыра алады. 

4. Алынып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

5. Алынып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.12 № 536, 2007.06.18 № 262, 2008.12.04 № 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 № 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.04.01 № 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 № 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 404-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 250-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Осы Заңның қолданылу шектерi  

1. Осы Заңда көзделген әкiмшiлiк рәсiмдер заң актiлерiмен реттелмеген бөлiгiнде: 

1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Мемлекет басшысының қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың, Президентке тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың; 

2) Қазақстан Республикасының Парламентi Палаталары, Орталық сайлау комиссиясы аппараттарының; 

3) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Жоғарғы Соты мен өзге де соттары аппараттарының; 

4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Премьер-Министрi Кеңсесiнің, орталық атқарушы органдарының; 

5) Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi органдары аппараттарының; 

6) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарының қызметінде қолданылады. 

7) алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

2. Осы Заңда көзделген рәсiмдердiң күшi: 

1) азаматтардың өтiнiштерiн қарауға және қаралу тәртiбi әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарда, қылмыстық iс жүргізу және азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгiленген өзге де iстердi қарауға; 

2) дайындалу рәсiмi өзге заң актiлерiнде көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi дайындауға; 

3) жүзеге асырылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін стратегиялық, бюджеттік және экономикалық жоспарлау түрлеріне қолданылмайды. 

Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.18 N 262, 2010.04.02 № 263-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-бап. Әкiмшiлiк рәсiмдердi белгілеу қағидаттары 

Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Осы Заңда көзделген әкiмшiлiк рәсiмдер: 

1) заңдылық; 

2) төменгi мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдарға бағынуы; 

3) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi; 

4) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу; 

5) әкiмшiлiк рәсiмдерiнде көзделген iс-әрекеттер мен актiлердiң барлық азаматтар, ұйымдар мен лауазымды адамдар үшiн мiндеттiлiгi; 

6) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауапкершiлiгi мен мүдделерiнiң теңбе-тең болуы; 

7) мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңдарды қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру; 

8) мемлекеттiк билiктiң беделiн қолдау мен Қазақстан Республикасының беделiн түсiретiн және мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қайшы келетiн iс-әрекеттерге жол бермеу, соның iшiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру, мемлекеттiк қызметшiлер үшiн заңдарда белгіленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтау; 

9) барлық деңгейдегi мемлекеттік органдар үшiн әкiмшiлiк рәсiмдер талаптарының бiрыңғай болуы; 

10) барлық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiң лауазымды адамдары құзыреттерiнiң ара-жiгін айқын межелеу және олардың келісе отырып жұмыс iстеуi; 

11) үнемдiлiк пен тиімділік қағидаттарына негізделеді. 

12) алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.18 N 262; 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актiнiң орындалуын
ұйымдастыру және бақылау тәртібі


Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2016 № 481-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
4-бап. Мемлекеттiк органдардың өз функцияларын жүзеге асыруы кезiнде шешiмдер қабылдауы  

Ескерту. 4-бап алып тасталды - ҚР 06.04.2016 № 481-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
5-бап. Құқықтық актілерге және олардың ресiмделуiне қойылатын талаптар  

Ескерту. 5-бап алып тасталды - ҚР 06.04.2016 № 481-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
6-бап. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру және бақылау 

1. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру тиісті уәкiлеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамының қабылданған шешiмдi уақтылы және тиянақты орындау жөнiндегi шараларды әзiрлеуi мен қабылдауы болып табылады. 

2. Қажет болған жағдайда, жеке-дара қолданылатын құқықтық актiнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган (лауазымды адам) оны орындау жөнiндегi ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын әзiрлеп, бекiтедi және ол тiкелей орындаушылардың назарына жеткiзіледi. 

3. Егер жеке-дара қолданылатын құқықтық актiде оны орындаудың нақты мерзiмдерi мен тiкелей орындаушылары айқындалмаса, онда оларды орындаушы мемлекеттiк орган немесе жоғары тұрған орган белгiлейдi және олар тiкелей орындаушылардың назарына дереу жеткiзiледi. 

4. Қабылданған шешiмдердi уақтылы және тиянақты орындау мақсатында мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға тиiс. 

Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2016 № 481-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7-бап. Мемлекеттік органның жеке-дара қолданылатын құқықтық актісінің, Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылауды жүзеге асыру тәртібі 

1. Ішкі бақылау: 

1) жеке-дара қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) орындалуына бақылау болып бөлінеді. Бұл жағдайда орындалуға жататын іс-шаралар қамтылатын барлық жеке-дара қолданылатын құқықтық актілер бақылауға алынады; 

2) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдары тапсырмаларының орындалуын бақылау болып бөлінеді. 

2. Ішкі бақылау: 

1) қажетті ақпаратты талап етіп алдыру; 

2) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау; 

3) ревизия және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары; 

4) сол жерге бару арқылы тексеру; 

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүргізіледі. 

3. Ішкі бақылау мынадай өлшемдер бойынша жүргізіледі: 

1) құрылымдық, аумақтық бөлімшелер, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдар мен ұйымдар және олардың лауазымды адамдары қызметінің өздерінің алдына қойылған міндеттерге сәйкестігі; 

2) орындаудың уақтылығы және толықтығы; 

3) орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуы. 

4. Күшіне енген жеке-дара қолданылатын құқықтық актінің не Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдары тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі қажет болған кезде бақылау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді. 

Бұл ретте бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі оның орындалуы туралы келіп түсетін ақпаратты: 

1) жеке-дара қолданылатын құқықтық актінің орындалу дәрежесі мен сапасын; 

2) жеке-дара қолданылатын құқықтық актіні орындауда ауытқушылықтардың бар-жоғын, олардың себептерін және ауытқушылықтарды жою үшін ықтимал шаралар белгілеуді; 

3) бақылаудан алу не орындалу мерзімін ұзарту мүмкіндігін; 

4) жеке-дара қолданылатын құқықтық актіні орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін нақты лауазымды адамдардың жауаптылығын айқындау үшін талдайды. 

Ақпаратты талдау қорытындылары бойынша тұжырымдалған ұсыныстар тиісті шешім қабылдау үшін мемлекеттік органның басшылығына баяндалады. Ақпаратқа талдау жүргізген мемлекеттік органның орындаушыларына қабылданған шешім туралы хабарланады. 

5. Құқықтық актіде көзделген іс-шараларды бақылаудан алуды және олардың орындалу мерзімдерін ұзартуды мемлекеттік органның басшылығы жүзеге асырады. 

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын бақылаудан алу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 

6. Жоғары тұрған мемлекеттік органның не орындаушы органның бақылау қызметі жеке-дара қолданылатын құқықтық актіде белгіленген орындалу мерзімі өткенге дейін мемлекеттік органның регламентінде айқындалатын тәртіппен орындаушыға тиісті жазбаша еске салу жібереді. 

Ішкі бақылауды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың қосымша мәселелерін мемлекеттік органның өзі не оған қатысты жоғары тұрған мемлекеттік орган айқындауы мүмкін. 

Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүргізілетін ішкі бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган жүзеге асыратын ішкі бақылауға қолданылмайды. 

Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2016 № 481-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8-бап. Мемлекеттiк органдардың құқықтық актiлерiнiң күшiне енуi және қолданылуының тоқтатылуы  

Ескерту. 8-бап алып тасталды - ҚР 06.04.2016 № 481-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ РӘСIМДЕРI

Статья 1 2 3 ...25

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные


Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные


Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер


На данный момент я учусь в 11 классе на территории Республики Казахстан. Так как наша школа находится в аварийном состоянии последние два года, нам пришлось учиться в другой школе в три смены. Уроки проводились по 30 минут в день — с 15:00 до 19:00, поэтому нам добавили занятия в субботу, чтобы закрыть пробелы в учебе.

С середины первой четверти нас перевели в нормальную школу, в которой организовали двухсменное обучение для нашей школы. Тем не менее образование хромает, так как я учусь в гуманитарном классе. Половина класса поступает на юриспруденцию, в том числе и я. Вместо того чтобы проводить урок «Основы права», который является профильным на ЕНТ, у нас добавили урок «Основы бизнеса». Как в такой ситуации мы должны сдавать ЕНТ, если этот профильный предмет у нас банально не преподается?

Большинство учащихся класса ходят на дополнительные курсы и подготовку к ЕНТ, и все уже подстроили свое расписание под уроки с 14:00 до 19:00. Однако совсем недавно, чтобы дети отдыхали в субботу, у нас ввели «нулевой» урок, который проводится каждый день с 13:20.

Лично я физически не успеваю на эти уроки, так как у меня ежедневно курсы, а в некоторые дни — тренировки. Я живу относительно далеко от школы и не успеваю. Но учителей это не волнует. Самый принципиальный из них заставляет нас каждый раз писать объяснительную записку, когда мы пропускаем его «нулевой» урок.

Только вчера я решил посетить «нулевой» урок, кое-как успев, не обедая, но учитель по НВП не пришел, потому что забыл про нас.

Теперь хочу узнать, насколько это законно. Обязан ли я писать объяснительную записку? Какими правовыми актами можно руководствоваться для защиты своих прав?

Заранее спасибо.


в каком документе указано, что родители, обучающихся в 1-4 классах, обязаны привести и забрать ребенка из рук в руки классному руководителю? подскажите


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться