< Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы

Ст. 78 Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы 2018 жылғы 5 маусымдағы № 176-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы
78-бап. Заң консультанттары палатасы

1. Заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеу және өз мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылау мақсатында құрылған, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген, мүшелік шарттарында кемінде екі жүз заң консультантын біріктіретін, міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым заң консультанттары палатасы болып танылады. 

2. Заң консультанттары палатасының қызметі "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сондай-ақ заң консультанттары палатасының жарғысымен, қағидаларымен және стандарттарымен реттеледі. 

Ескерту. 78-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
78-1 бап. Республикалық заң консультанттары алқасы 

1. Республикалық заң консультанттары алқасы – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінің атынан өкілдік ететін заң консультанттары палаталарының ерікті мүшелігіне негізделген, қызметі мен өкілеттіктері осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында, алқа жарғысында айқындалатын және өзінің мүшелері болып табылатын заң консультанттары палаталарына қатысты және олардың мүдделерінде жүзеге асырылатын коммерциялық емес ұйым. 

Республикалық заң консультанттары алқасын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінің атынан өкілдік ететін заң консультанттары палаталары өкілдерінің құрылтай съезі құрады. 

2. Мыналар: 

1) жоғары басқару органы – заң консультанттары палаталары өкілдерінің съезі; 

2) тұрақты негізде жұмыс істейтін атқарушы басқару органы – төраға басқаратын басқарма;  

3) қаржылық-шаруашылық қызметті ішкі бақылау органы – ревизиялық комиссия (ревизор) Республикалық заң консультанттары алқасының басқару органдары болып табылады. 

3. Республикалық заң консультанттары алқасы: 

1) заң консультанттары палаталарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; 

2) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда заң консультанттары палаталарының мүдделерін білдіреді; 

3) заң көмегі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады және әдістемелік материалдар әзірлейді; 

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттарға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асырады. 

4. Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады. Бұл ретте дәл сол бір адам алқа төрағасының лауазымын қатарынан екі мерзімнен артық атқара алмайды. 

5. Республикалық заң консультанттары алқасы төрағасының өкілеттіктері алқаның жарғысында айқындалады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6-тармақтың қолданысы 01.01.2026 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданыста болады – ҚР 09.06.2021 № 49-VII Заңымен.

6. Республикалық заң консультанттары алқасының съезі Республикалық заң консультанттары алқасының жалпы мұқтаждықтарына заң консультанттарының палаталары аударатын ай сайынғы жарналардың мөлшері мен жүзеге асырылу тәртібін айқындайды, бұл ретте жарналардың мөлшері әрбір заң консультанты үшін есептелуге және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде бір айлық есептік көрсеткішті құрауға тиіс. 

Заң консультанты "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабына сәйкес заң консультанттары палатасына мүшелік жарна төлеуден босатылған жағдайда, ол үшін Республикалық заң консультанттары алқасына жарнаның мөлшері есептелмейді. Заң консультанты "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабына сәйкес белгіленген мөлшерлеменің елу пайызы мөлшерінде жарна төлеген кезде, ол үшін Республикалық заң консультанттары алқасына ай сайынғы жарнаның мөлшері белгіленген жарнаның елу пайызы мөлшерінде есептеледі. 

7. Республикалық заң консультанттары алқасының басқармасы барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпаратты қамтитын, Республикалық заң консультанттары алқасының қаржылық-шаруашылық қызметі туралы жылдық есепті жасайды және оны Республикалық заң консультанттары алқасының интернет-ресурсында орналастырады. 

8. Республикалық заң консультанттары алқасының ревизиялық комиссиясы (ревизоры) Республикалық заң консультанттары алқасының қаржылық-шаруашылық қызметі туралы жылдық есепті тексеруді жүргізеді және оның нәтижелерін Республикалық заң консультанттары алқасының интернет-ресурсында орналастырады. 

Ескерту. 78-1-баппен толықтырылды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...77‑1 77‑2 78 79 80 ...98
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?



Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим



Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?



Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться