< Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы

Ст. 83 Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы 2018 жылғы 5 маусымдағы № 176-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы
83-бап. Заң консультанттары палатасына мүшелікті алу және тоқтату шарттары мен тәртібі

1. Осы Заңның 75-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, сондай-ақ аттестаттаудан өткен жеке тұлға заң консультанттары палатасының мүшесі бола алады. 

Заң консультанттары палатасы палата мүшелеріне қойылатын қосымша талаптарды көздеуі мүмкін. 

Аттестаттау Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін кешенді тестілеу түрінде жүргізіледі. 

Заң консультанттары палатасына кіру үшін атестаттау жүргізу тәртібі мен шарттарын заң консультанттары палатасы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды. 

Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін және заң консультанттары палатасы белгілеген кешенді тестілеудің шекті балын жинаған үміткер аттестаттаудан өткен болып есептеледі. 

Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған не заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адам заң консультанты бола алмайды. 

Мыналар: 

1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар; 

2) "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар; 

3) Қазақстан Республикасының заң мамандығы бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар; 

4) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясы бар адамдар; 

5) теріс себептер бойынша шығарылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан шығарылған адамдар аттестаттаудан өтуден босатылады. 

2. Үміткер заң консультанттары палатасына кіру үшін: 

1) жоғары заң білімі туралы құжатты; 

2) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының жоқтығы туралы анықтаманы; 

3) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар екенін растайтын құжаттарды; 

4) аттестаттау нәтижелерін ұсынады. 

Заң консультанты бір мезгілде осы Заңның талаптарына сәйкес келетін бір ғана заң консультанттары палатасының мүшесі бола алады. 

3. Заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы адамның осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешімді мұндай адамнан өтініш пен қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды. 

Өзіне қатысты осы бапта белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы шешім қабылданған адам заң консультанттары палатасына мүшелікке қабылданған болып есептеледі және осындай адам туралы мәліметтер мұндай адам заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартын ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізіліміне енгізіледі. Осындай адамға ол туралы мәліметтер заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізіліміне енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде заң консультанттары палатасына толық мүшелігін растайтын құжат беріледі. 

4. Адамды заң консультанттары палатасының мүшелігіне қабылдаудан бас тартуға мыналар: 

1) адамның осы баптың талаптарына сәйкес келмеуі; 

2) адамды Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінен шығару, егер шығарылған күннен бастап үш жылдан аз уақыт өтсе, негіз болып табылады. 

Заң консультанттары палатасының заң консультанттары палатасына мүшелікке қабылдаудан бас тарту туралы шешіміне уәкілетті органға шағым жасалуы мүмкін. 

Дау реттелмеген кезде, уәкілетті органның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.  

5. Заң консультанттары палатасына мүшелікті заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы: 

1) заң консультанттары палатасына мүшеліктен шығу туралы заң консультантының өтініші негізінде; 

2) жарғыда көзделген негіздер бойынша тоқтатады. 

6. Адамның заң консультанттары палатасына мүшелігі көрсетілген палатаға оған қатысты шағым түскен жағдайда, егер заң консультанттары палатасының мүшесіне қатысты тексеру жүргізілсе немесе тәртіптік ықпал ету шарасын қолдану туралы іс қаралып жатса – тексеру аяқталғанға дейін, ал бұзушылықтар анықталған жағдайда тәртіптік комиссия бұзушылық және тәртіптік жазалау шарасын қолдану туралы істі қарап біткенге дейін тоқтатылмайды. 

7. Заң консультанттары палатасы мүшесінің қайтыс болғанын растайтын ақпарат заң консультанттары палатасына келіп түскен жағдайда, заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізіліміне заң консультанттары палатасына мүшелікті тоқтату туралы жазба енгізіледі.  

8. Өзіне қатысты заң консультанттары палатасына мүшелікті тоқтату туралы шешім қабылданған адам өз клиенттерін заң консультанттары палатасына өз мүшелігінің тоқтатылу фактісі туралы хабардар етуге міндетті. 

9. Заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы заң консультантының заң консультанттары палатасына мүшелігін тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей, заң консультанттары палатасы осындай шешімді заң консультанттары палатасының интернет-ресурсында орналастыруға, сондай-ақ осындай шешімнің көшірмесін: 

1) өзіне қатысты заң консультанттары палатасында мүшелікті тоқтату туралы шешім қабылданған адамға; 

2) егер адамды заң консультанттары палатасына мүшеліктен шығару оның Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегiн көрсету туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғанына байланысты болса, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген барлық өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарға; 

3) уәкілетті органға жіберуге міндетті.

Статья 1 ...81 82 83 84 85 ...98
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться